Паралимпиада-2020: Қазақстандық спортшы финалға шықты

29 Тамыз 2021, 10:29
899
Бөлісу:
Паралимпиада-2020: Қазақстандық спортшы финалға шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода өтіп жатқан Паралимпиада ойындарынан Қазақстан қоржынында тағы бір медаль бар.

70 келіден жоғары салмақта белдескен қазақстандық парадзюдошы Зарина Байбатина финалға өтіп, енді алтынға күреседі.

Спортшымыз ақтық сында азербайжандық парадзюдошымен кездеседі.

Финалдық бәсекені Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 13:30 Qazsport арнасынан тамашалауға болады.

Еске сала кетсек, бұған дейін Давид Дегтярёв алтын жүлдегер атанды. Ал татамиде өнер көрсеткен парадзюдошыларымыз Әнуар Сариев пен Дәулет Теміржан Олимпиаданың күміс медалін алды.

Жалпы есеп бойынша Қазақстанда 1 алтын және 2 күміс медаль бар.

Өзгелердің жаңалығы