Ауа райы. Бұршақ жауып, жел соғады

29 Тамыз 2021, 20:32
1575
Бөлісу:
Ауа райы. Бұршақ жауып, жел соғады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер дүйсенбі, яғни 30 тамызға арналған ауа райы болжамын жариялады.

Қазақстан аумағының басым бөлігіне атмосфералық фронталды бөліктер өз әсерін сақтады, найзағай ойнап, жаңбыр, солтүстік пен шығыста қатты жаңбыр жауады, желдің күшеюі, оңтүстікте шаңды дауылмен бірге, солтүстікте, орталықта, шығыста, оңтүстік-батыстың таулы аудандарында бұршақ жауады. Тек еліміздің батысы, солтүстік-батысы және қиыр солтүстігінде антициклон жотасының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болуы мүмкін, - делінген «Қазгидромет» хабарламасында.

Ақмола облысының орталығы, оңтүстігі мен шығысында найзағай ойнап, бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейіп, солтүстігінде тұман түседі.

Павлодар облысының орталығында, оңтүстік-шығысы мен шығысында найзағай ойнап, күндіз облыстың шығысында бұршақ жауады, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Қарағанды облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында найзағай ойнап, түнде және таңертең солтүстігінде, орталығында тұман түседі, найзағай кезінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан облысында түнде батыс аумақта, солтүстік-батыс пен солтүстік аумақта, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды, күндіз батыс, солтүстік, солтүстік-батыс және орталығында бұршақ жауып, дауыл соғады, найзағай кезінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысының таулы аудандарында және солтүстік-шығысында дауыл соғып, бұршақ жауады, күндіз батысы мен шығысында шаңды дауыл соғып, жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында найзағай ойнап, жел екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысының оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында найзағай ойнап, орталығында жел 15-20 м/с дейін жетеді.

Ақтөбе облысың оңтүстік-шығысында жел екпіні 16 м/с дейін күшейеді.

Қостанай облысының солтүстігінде, Солтүстік Қазақстан облысының солтүстігі мен батысында түнде топырақ бетінде 2 градус үсік жүреді, түнде және таңертең Қостанай облысының солтүстігінде тұман түседі.

Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Қызылорда, Қостанай, Алматы облыстарының басым бөлігінде, Қарағанды облысының кей жерлерінде, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Ақмола облысының батысында, Павлодар облысының орталығында төтенше өрт қаупі сақталады, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы