«Қазақстанның киберқалқаны» 2023 жылы қорытындыланады

29 Тамыз 2021, 20:10
10742
Бөлісу:
«Қазақстанның киберқалқаны» 2023 жылы қорытындыланады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2017 жылы Мемлекет басшысы болған кезінде Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Н. Назарбаев өзінің «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында киберқылмыспен күрес проблемасының өзектілігіне назар аударды. Сол кезде ҚР Үкіметі мен Ұлттық қауіпсіздік комитетіне «Қазақстанның киберқалқаны» жүйесін құру бойынша шаралар қабылдауды тапсырылған еді. 

primeminister.kz сайты «Қазақстанның киберқалқаны» тұжырымдамасы іске асырылғаннан кейін еліміз қандай нәтижелерге қол жеткізуі тиіс? деген сұраққа жауап іздеп көрген екен.

Бірінші кезекте, сөзсіз, нәтижесінде Қазақстан киберқауіпсіздік жүйесінің жетілдірілген, нақты жолға қойылған жұмыс тетігіне ие болады. Әрі қарай атап өтуге болады: 

2022 жылға қарай Қазақстанның жаһандық киберқауіпсіздік индексі – 0,600 қол жеткізу; 

2022 жылы ақпараттық қауіпсіздікке төнетін қатерлер туралы хабардарлықты 2018 жылдың базалық кезеңімен салыстырғанда 20%-ға арттыру;

Ақпараттық қауіпсіздік саласында қайта даярланған мамандар саны 2022 жылы 800 адамға жетеді; мемлекеттік және квазимемлекеттік секторларда пайдаланылатын ақпараттандыру және байланыс саласындағы отандық бағдарламалық өнімдердің үлесі 2017 жылғы базалық кезеңге қарағанда 50%-ға артады;  

KZ және ҚАЗ доменімен интернет-ресурстармен деректерді шифрланған түрде беру кезінде отандық қауіпсіздік сертификаттарын пайдалану үлесі 2022 жылы 100%-ға жеткізу жоспарланған;  

Сондай-ақ, мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерінің, мемлекеттік жүйелермен интеграцияланатын мемлекеттік емес ақпараттық жүйелердің, ақпараттық қауіпсіздік мониторингі орталықтарына қосылған ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымның аса маңызды объектілерінің ақпараттық жүйелерінің үлесі 100%-ға жетеді.   

Киберқауіпсіздік жүйесін жетілдіру тұрақты болады. 

Киберқылмыс жақсарып келе жатқандықтан, киберқауіпсіздік жүйесі де үнемі жетілдіріліп отыруы керек. Бүгінде елімізде Мемлекет басшысы Қ. Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі Жалпыұлттық жоспар шеңберінде берген тапсырмасын орындау мақсатында «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және цифрлық саланы дамыту тұжырымдамасына трансформациялау бойынша жұмыс жүргізілді, оны іске асыру үшін «Цифрлық өмір салты (DigitEL)» ұлттық жобасы әзірленді. 

Киберқауіпсіздік жаһандық индексінің көрсеткішіне және халықтың ақпаратты қорғау құралдарын пайдалану деңгейінің нысаналы индикаторына қол жеткізу Цифрлық өмір салты (DigitEL) тұжырымдамасын іске асыру бойынша Іс-қимыл жоспарында көзделген. Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласын және цифрлық саланы дамыту тұжырымдамасының өзінде «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласында ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету» міндеті көрсетілген.

Өзгелердің жаңалығы