Токионың күміс жүлдегері жеңісін жарылыстан қаза тапқандардың рухына арнады

29 Тамыз 2021, 18:40
14731
Бөлісу:
Токионың күміс жүлдегері жеңісін жарылыстан қаза тапқандардың рухына арнады
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Паралимпиаданың күміс жүлдегері отандасымыз Дәулет Теміржан жеңісін Жамбыл облысында ерлікпен қаза тапқан әскери қызметшілердің рухына арнады.

Ұлттық Паралимпиада комитетінің Instagram парақшасында жарияланған видеода спортшымыз Токио төрінде елдегі болған оқиғаға көңіл айтты.


Осы жүлдемді Қазақстан Тәуелсіздігіне және Жамбыл облысында қайғылы оқиғадан қаншама адам қайтыс болды, жарақат алды, отбасы мүшелерінен айырылды. Жеңісімді соларға арнаймын, - деді Паралимпиаданың күміс жүлдегері.
Спортшымыз қаза тапқандардың жақындарына көңіл айтып, сабыр тіледі.

Еске сала кетейік, кеше 73 келіге дейінгі салмақта татамиге шыққан спортшымыз Паралимпиаданың күміс жүлдегері атанды.

Өзгелердің жаңалығы