Елімізде құрылыс компаниялары отандық материалдарды қолдануға міндеттеледі

29 Тамыз 2021, 07:54
789
Бөлісу:
Елімізде құрылыс компаниялары отандық материалдарды қолдануға міндеттеледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде құрылыс компаниялары отандық құрылыс материалдарын қолдануға міндеттеледі. Бұл саладағы қазақстандық өнім үлесін арттыру үшін жасаламақ.

Сонымен қатар, сараптамадан өткеннен кейін компанияларды жобаның жиынтық ведомостін epsd.kz порталында жариялауға міндеттейтін нормативтік-құқықтық актілерге өзгерістер енгізілді.иБұл бюджет және квазимемлекеттік сектор қаражаты есебінен салынатын нысандарға ғана қатысты.

Айта кетейік, қазір мемлекеттік тапсырыс бойынша 100-ге жуық тұрғын және әлеуметтік ғимарат салынып жатыр. Сонымен қатар, құрылыс кезінде сәйкестік сертификатын қолдану, сметаларда және орындалған жұмыс актілерінде құрылыс материалдары шығарылған елді көрсету міндеттеледі.


Өзгелердің жаңалығы