Ауғанстан астанасында тағы жарылыс болды

29 Тамыз 2021, 23:05
8645
Бөлісу:
Ауғанстан астанасында тағы жарылыс болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жергілікті БАҚ-тың хабарлауына қарағанда, әлеуметтік желіде жаралыстан туындаған қара түтіннің көкке қалай көтерілгенін көрсететін бейнелер тараған. 

Ауғанстан Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкері БАҚ өкілдеріне қалада жарылыс болғанын растады. 

Зардап шеккендер мен оқиғаның себептері туралы әлі нақты ақпарат жоқ. 

ВВС агенттігі Денсаулық сақтау министрлігінің дерегіне сүйеніп, жарылыс зымыран дүмпуінен туындады деген болжам жасап отыр. Зымыран әуежайдың жанындағы үйге түскен. Бірақ әуежайға қауіпті әсері болмаған. 

Рейтер агенттігі АҚШ-тың ресми адамдарына сілтеме жасап, зымыранды АҚШ әскери күштері тастады деген ақпарат таратты. Ал Associated Press агенттігі америкалықтар зымыранды Кабул әуежайына өзін жарып жіберу үшін кірмек болған адамның көлігіне тастағанын жазып жатыр.

Өзгелердің жаңалығы