Нидерландыда кран тарихи ескерткішті қиратты

29 Тамыз 2021, 13:03
1520
Бөлісу:
Нидерландыда кран тарихи ескерткішті қиратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нидерландыда кран Маастрихт қаласындағы ежелгі көпірді қиратты. Ғимарат ұлттық маңызы бар ескерткіш ретінде танылған. Бұл туралы korrespondent.net сайты NOS жергілікті басылымына сілтеме жасап хабарлады.

ХІХ ғасырда салынған көпірге кранның жебесі тигеннен кейін көпірдің бір жағы қирап, көліктің үстіне ілініп қалған.

Қазір тәртіп сақшылары кранның жебесі неге соншалықты жоғары болғанын анықтап жатыр. Тергеу жүргізу үшін жол-көлік оқиғасы болған жердің айналасы қоршалды.

БАҚ-тың хабарлауынша, жүргізуші зардап шеккен жоқ.

Көпір шамамен 1854-1856 жылдары инновациялық инженерлік шешімдерді қолдана отырып салынған. Ұзақ уақыт бойы ол Маастрихт-Хассельт теміржол желісінің бөлігі болды. Голландиялықтар көпірді мәдени және тарихи маңызы үшін өнер туындысы деп таныды, сонымен қатар елдің әлеуметтік-экономикалық, техникалық, типологиялық және ландшафтық дамуының көрінісі деп санады.

Көпір арқылы Маастрихт пен Хассельт арасындағы жеңіл рельсті маршрут жоспарланған, ол 2025 жылдан ерте басталмайды.

Өзгелердің жаңалығы