Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбылдық полицейлер тұрғыннан 1 тоннадай есірткі затын тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
Жамбыл облысының Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері ҚР Ұлттық ұланының №5517 әскери бөлімімен бірлесіп, «Қарасора-2021» республикалық арнайы жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу барысында жедел ақпаратты жүзеге асырып, Жамбыл облысы Байзақ ауданының 49 жастағы тұрғынын ұстады.
Ұсталған азамат кінәсін мойындап, Шу қаласының уақытша ұстау изоляторына қамаққа алынды.
Оқи отырыңыз: