Кубада коронавирусқа қарсы вакциналар біріктіріледі

29 Тамыз 2021, 11:00
5651
Бөлісу:
Кубада коронавирусқа қарсы вакциналар біріктіріледі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұған дейін Кубада тек өз өндірісінің коронавирус инфекциясына қарсы вакцинасы қолданылған. Ел билігі әртүрлі өндірушілердің вакциналарын араластыруға рұқсат берді. Бұл туралы korrespondent.net сайты Reuters-ке сілтеме жасап хабарлады.

Бұған дейін Кубада тек өз өндірісінің вакцинасы қолданылған.

Денсаулық сақтау органдары қазір елде Sinopharm-ның екі дозасын кубалық ревакцинациямен бірге қолданатынын мәлімдеді.

Кубалық мамандардың айтуынша, біріктірілген вакцинаның тиімділігі 90%-дан асады.

Ел билігі халықтың 70%-ын тамыз айына дейін вакцинациялауды жоспарлады, бірақ әзірге олар тек 30%-ға қол жеткізді. Сонымен қатар Кубада әлемдегі COVID-19 ауруының ең жоғары көрсеткіштерінің бірі тіркелген.

Соңғы апталарда Кубада COVID-19 таралуының жоғары қарқыны сақталып отыр. Күн сайын шамамен 11 миллион халқы бар елде коронавирустың 8 мыңнан 10 мыңға дейін жағдайы анықталады.

Өзгелердің жаңалығы