Корея елшісі қайғылы оқиғадан қаза тапқандар отбасына көңіл айтты

29 Тамыз 2021, 15:55
4581
Бөлісу:
Корея елшісі қайғылы оқиғадан қаза тапқандар отбасына көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Елшілігі Байзақ ауданында жарылыстан қаза тапқандарды еске алып, мемлекеттік туын түсірді.

Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы елшілігі 2021 жылғы 29 тамызда Қазақстан Республикасының Жамбыл облысы Байзақ аймағындағы әскери бөлімде болған жарылыс салдарынан қаза тапқандарды еске алды. Елшілік Жалпыұлттық аза тұту күнінде елшілік ғимаратында Корея Республикасының мемлекеттік туы төмен түсірді.

Жарылыста қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасы мен туған-туыстарының қайғысына ортақтасып көңіл айтамын. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың дана көшбасшылығымен оқиғаның салдары тез арада жойылып, қалпына келтіріледі деп сенемін, - деді Корея Республикасының Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Ку Хонг-сок.

Бұған дейін, бауырлас қазақ халқына тілектестік ниетін білдірген Түркия елшілігі мемлекеттік туын түсіргенін хабарладық.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты.

Жарылыс салдарынан 13 адам қайтыс болды.



Өзгелердің жаңалығы