Жалпыұлттық аза тұту күні: Әзербайжан елшілігі көңіл айтты

29 Тамыз 2021, 17:04
8995
Бөлісу:
Жалпыұлттық аза тұту күні: Әзербайжан елшілігі көңіл айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін – елімізде Жалпыұлттық аза тұту күні. Әзербайжан Республикасының Қазақстандағы елшілігі қазақстандықтарға көңіл айтып, мемлекеттік туын түсірді.

Жамбыл облысындағы әскери бөлімнің қоймасында орын алған жарылыс туралы хабарды естіп қатты құлазудамыз. Достас Қазақстан халқына көңіл айтамыз. Қаза болған жандардың туыстары, жақындарымен бірге аза тұтудамыз, жарақаттанған жандардың тезірек сауығып кетуін тілейміз. Әзербайжан әрқашан бауырлас Қазақстан халқымен бірге!, – деп жазды елшілік.

Бұған дейін, бауырлас қазақ халқына тілектестік ниетін білдірген Түркия және Корея Республикасының елшіліктері мемлекеттік туларын түсіргенін хабарладық.

Еске сала кетейік, кеше Мемлекет басшысы Жамбыл облысы Байзақ ауданындағы адам өліміне әкеп соқтырған қайғылы оқиғаға байланысты 29 тамызды Жалпыұлттық аза тұту күні деп жариялаған болатын.

Естеріңізге салсақ, 26 тамызда Жамбыл облысы Байзақ ауданында орналасқан әскери бөлімде сағат 19:00 шамасында қоймалардың бірінің жанында өрт шықты.

Жарылыс салдарынан 13 адам қайтыс болды.

Өзгелердің жаңалығы