Все новости за 30 шілде 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақмолада 28 жастағы жігіт алаяқтықпен екі жыл бойы елден ақша жинаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп жазады polisia.kz.
-
Өткен айда азық-түлік 10,6%-ға қымбаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық статистика бюросының дерегінше, 2021 жылғы маусымда инфляция деңгейі 1,1% шамасында болды. Ұлттық банктің қаржы нарығындағы ахуал туралы есебінде осылай жазылды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Португалияда қыркүйекке дейін халықтың 70%-ы вакцина алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Португалияда халықтың 70 пайызы қыркүйек айына дейін толық вакцина салдырып, ұжымдық иммунитетке қол жеткізеді деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Елордада екі оқушы үш күннен бері табылмай жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық полицейлер екі ұл баланы үш күннен бері іздеп жатыр.
-
Із-түзсіз жоғалған петропавлдық банк картасы арқылы табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Із-түзсіз жоғалған петропавлдық банк картасы арқылы табылды. Қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері 1 шілде күні үйінен белгісіз жаққа кетіп, жоғалып кеткен 41 жастағы ер адамның жүрген жерін анықтады деп хабарлайды Polisia.kz.
-
1-сыныпқа қабылдау үшін 325 мыңнан астам өтініш түскен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 325 мыңнан астам өтініш түсті. Ата-аналарға ертең құжат қабылдаудың соңғы күні екендігіне назар аударуды сұраймыз. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасатынын естеріңізге сала кетейік деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
-
Токио-2020: Спорттық мансабымда жасаған ең үлкен «құрбандығым» отбасым болды – Ольга Рыпакова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жеңіл атлет, Токио олимпиадасының қатысушысы Ольга Рыпакова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады. Сондай-ақ спортшы басшылық қызмет ұсынса, не істейтіндігі туралы айтты.
-
Қызылордада бір айда 145 бала коронавирус жұқтырып алған
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілші. Қызылорда облысында коронавирус жұқтырған балалар саны көбейіп барады. Осы айда 145 бала вирус жұқтырып, 51 науқас амбулаторлық, 49 бала стационарлық бақылауға алынды. Балалар індетті вакцина алмаған ата-аналардан жұқтыруы мүмкін.
-
Токио-2020: Ольга Рыпакова Олимпиадаға спортшы ретінде соңғы рет қатысып отырғанын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жеңіл атлет, Токио олимпиадасының қатысушысы Ольга Рыпакова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында хабарлады. Сондай-ақ алдағы уақыттағы спортқа қатысты жоспарымен бөлісті.
-
Токио-2020: Бұл Олимпиаданы сәтті аяқтағым келген еді – Ольга Рыпакова
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы жеңіл атлет, Токио олимпиадасының қатысушысы Ольга Рыпакова Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында айтты. Сондай-ақ спортшы жанкүйерлеріне, барша қазақстандықтарға көрсеткен қолдаулары үшін алғысын білдірді.
-
Әлия Назарбаева алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева өзінің алғашқы кітабын жазып бітірді.
-
Жер бетінде вирустық гепатитпен 350 миллион адам ауырады
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов «ASHYQ» жобасына белсенді қатысатын бизнес-қоғамдастық өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылды және бүгінгі күні өзінің тиімділігін көрсетті деп хабарлайды primeminister.kz.
-
Ералы Тоғжанов: ШОБ нысандарының жұмысы үшін мемлекет барлық жағдайды жасайтын болады
Бүгін Премьер-министрдің орынбасары Е. Тоғжанов «ASHYQ» жобасына белсенді қатысатын бизнес-қоғамдастық өкілдерімен онлайн-кездесу өткізді. Бұл жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша іске асырылды және бүгінгі күні өзінің тиімділігін көрсетті деп хабарлайды primeminister.kz.
-
Елордаға QazVac вакцинасының жаңа партиясы жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының қоймасына отандық вакцинаның 10 мың дозасы жеткізілді деп хабарлайды қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Қызылорда облысы Жалағаш ауданында 60 жобаға 35 млн теңге қаржы бөлінді
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысы Жалағаш ауданында «Жаппай кәсіпкерлікті дамытудың «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 45 жұмыссыз тұрғынның жобасы мақұлданып, қаржылай қолдауға ие болды. Қазіргі таңда бұл кәсіпкерлердің бірқатары сапалы өнім шығарып, халық сұранысына қарай жұмыс істеп жатыр.
-
ШҚО-да 100-ден астам адам Кеңес үкіметінің паспортымен жүр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-кон қызметі өкілдерінің хабарлауынша, олардың көбі шалғай аудандарда тұрады деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Әскерилер азаматтарды қабылдау үшін инфекциялық стационарды өрістетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирустық инфекциямен аурудың ұлғаюына байланысты Алматы қаласындағы Қорғаныс министрлігінің Әскери клиникалық госпиталі инфекциялық стационар ретінде өрістетілді деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.
-
Шығысқазақстандық шаруашылық бидайдың мыңдаған түрін баптап отыр
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Шығыс Қазақстан ауылшаруашылық тәжірибе станциясына тиесілі егіс алқаптары биыл жайқалып тұр. Бұған бір жағынан ауа райы мүмкіндік берсе, екіншіден, дақылдың жаңа сортын шығаруға деген ғалымдардың құлшынысы септігін тигізуде.
-
Шу тұрғынынан жарты тоннадан астам есірткі табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәркіленген есірткі затының салмағы шамамен жеті млн дозаны құрайды, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Игорь Сон Олимпиададан тапқан ақшасын інісінің еміне жұмсамақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен онлайн брифинг кезінде Токио Олимпиадасының қола жүлдегері, қазақстандық зілтемірші Игорь Сон тапқан табысын қайда жұмсайтынын айтты.
-
Қытайды ашық сынаған миллиардер жазаға кесілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Коммунистер партиясына қатысты ашық сын айтып жүрген миллиардер Сунь Давуға қатысты сот үкім шығарды. Ол 18 жылға түрме жазасына кесіліп, үш млн юань айыппұл төлеуге міндеттелді.
-
Төрешілер не себепті Сон мен Чиншанлоның мүмкіндіктерін есепке алмады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа ОКҚ алаңында өткен онлайн брифинг кезінде қазақстандық сарапшылар жауап берді.
-
Токио-2020: Ольга Рыпакова келесі кезеңге шыға алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токио Олимпиадасында қазақстандық спортшылар Ольга Рыпакова, Ирина Эктова мен Мария Овчинникова жарыстың келесі кезеңіне өтпей қалды.
-
Жамбыл облысы Қызылорда өңіріне 33 тонна шөп жөнелтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Игілікті іс аталған өңірде қуаңшылық орын алуына байланысты аймақтың белсенді азаматтарының ұсынысымен қолға алынды, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
COVID вакцинасына түпкілікті қарсы болған жас блогер қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірнеше күн бұрын 34 жастағы Стивен Хармон қайтыс болды. Жас блогер коронавирусқа қарсы вакцинацияға түпкілікті қарсы адамдардың бірі болған.
-
Ауыр атлетикадан 2024 жылы Париж Олимпиадасына кімдер баруы мүмкін?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 2024 жылы Ауыр атлетикадан ауыр атлетикадан баруы мүмкін спортшылар есімі аталды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен онлайн брифинг кезінде Ауыр атлетикадан ҚР Мемлекеттік жаттықтырушысы Меңдіхан Тәпсірұлы айтты.
-
Атырау облысында бала тәрбиесіне қатысты дау көбейген
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. Атырау облысында баланың тағдыры тәлкекке түсетін азаматтық істің көрсеткіші артып тұр. Судьялардың айтуынша, бұған неке бұзу істері көбейгендігі себеп екен.
-
ҚМДБ: Вакцинация – адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдісі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ елдегі қазіргі эпидахуалды ескеріп, коронавирусқа қарсы екпе салуға қатысты мәлімдеме жасап, вакцинациялаудың адам денсаулығын сақтап қалудың қауіпсіз және тиімді әдіс екенін алға тартты.
-
КВИ жағдайлары 1,5 есеге артқан. Сағынтаев шұғыл кеңес өткізді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен коронавирус инфекциясына қатысты кеңес өтті.
-
Цой Шымкентке арнайы іссапармен барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласына арнайы жұмыс сапарымен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой келді.
-
Түркістан облысының тұрғыны ауласына 17 түп есірткі еккен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысының полицейлері үйінің ауласына 17 түп есірткі еккен күдіктіні анықтады.
-
ШҚО-да пандемияға қарамастан кәсіпкерлер саны 7%-ға өсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы Шығыс Қазақстан облысының қалалары мен аудандарының әкімдерін шағын және орта бизнесті қолдауға шақырды.
-
Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен кейін жанкүйерлеріне үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан әлем чемпионы Бекзад Нұрдәулетов Токиодағы жеңілісінен соң жанкүйерлерге жазба арнады.
-
Спорт саласының мамандары «Болашақ» бойынша тағылымдамадан өте алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мәдениет және спорт саласының қызметкерлері «Болашақ» бағдарламасы бойынша тағылымдамадан өте алады.
-
Инклюзивті білім беру туралы заңға қандай өзгерістер енгізілген?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БҒМ баспасөз қызметі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне инклюзивті білім беру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңмен заңнамаға қабылданған түзетулерде қандай жаңашылдықтар болатынын түсіндіріп берді.
-
Жайық өзенінде бекірені заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есептеулерге сәйкес, балық ресурстарына келтірілген зиян 467 500 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Қазақстандық компаниялар Татарстан нарығын игеруде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Татарстанның Қазан қаласында қазақстандық-ресейлік бизнес форумы мен кәсіпкерлердің B2B кездесулері өтті. Нәтижесінде екіжақты келісімдер мен келісімшарттарға қол қойылды.
-
9 айдан кейін анасы мен үш баланың өліміне кінәлі адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тәртіп сақшылары ана мен үш баланың өліміне қатысты қылмыстық істің тоқтатылғанын хабарлады.
-
Түркістанда 100-ге жуық адамды жинап, той жасағандар анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында 100-ге жуық адамды жинап, той жасағандар анықталды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Нұрлан Ақүрпеков: I раундта өзбек боксшысынан мұндай қарсылық күтпедік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұла Олимпиададағы бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады.
-
Қазақстандағы инклюзия: Жүзудің ерекше балаларға пайдасы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Балалары үшін жүзу сабақтары – тек физикалық даму ғана емес, бұл қоғамға бейімделудің маңызды тәсілдерінің бірі. Қазақстанда да осы тәсіл арқылы мүмкіндігі шектеулі балаларды аяққа тік тұрғызып, қоғамға бейімдеу жұмыстары қолға алынған.
-
Елордада сенбі және жексенбі күндері автобустар жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі және жексенбі, 31 шілде мен 1 тамыз аралығында қалалық және қала маңына қатынайтын бағдарлар жүрмейді. Дезинфекциялық жұмыстар жүргізіледі.
-
Елордада бір күнде карантин талаптарын бұзған сегіз мекеме жауапқа тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар қаланың 100-ден астам мекемесі мен сауда нысандарында шектеу шараларының сақталуын тексереді, ондаған карантин бұзушылықты анықтайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Аягүл Мантайдың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жазушы Аягүл Мантай қайтыс болғаннан кейін Түркістан облысының полицейлері қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы облыстық Полиция департаменті хабарлады.
-
Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?
Алматы облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрлы жол» бағдарламасы аясында салынып жптқан Талдықорған-Өскемен республикалық маңызы бар жолдың құрылысы 2017-2023 жылдарға есептелген. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұйымдастырған прес-тур барысында жол салушылармен тілдесіп, құрылыстың қанша бөлігі қалғанын білдік.
-
Инновациялық гранттар конкурсына өтінімдер қабылдау басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин инновациялар гранттар конкурсына өтінімдер қабылдау басталғанын айтты.
-
Қалмұханбет Қасымов отставкаға кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қалмұханбет Қасымовты өзінің отставкаға және мемлекеттік қызметтен кету туралы өтініші бойынша Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің бастығы лауазымынан босатты. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли facebook-тегі парақшасында жариялады.
-
Талдықорғанда мейрамханалар жұмысын жалғастыру үшін әкімдікке пара берген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Талдықорған қаласы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің лауазымды тұлғалары болып табылатын мониторингтік топ мүшелерінің сыбайлас жемқорлық әрекеттерінің жолын кесті.
-
«Дельта» штамм несімен қауіпті?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Әлемді дүрліктерген коронавирус індетінің соңғы кездері жаңа түрі – «Дельта» штамның таралып жатқаны белгілі. Осыған қатысты жоғары санатты білікті дәрігер-фтизиатр Анна Цепке пікірімен бөлісті.
-
Әлемде 197 млн-нан астам адам індет жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 шілдедегі жағдай бойынша, әлемде 197,3 миллионнан астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы Worldometers хабарлады.
-
Жамбылда тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Байқадам Дүйсенбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.
-
Петропавл маңында жедел жәрдем көлігі аударылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавл қаласының маңында ЖКО нәтижесінде жедел жәрдем көлігі аударылды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Министрлік шымкенттік дәрігердің мәлімдемелерін жоққа шығарды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандықтар әлеуметтік желілер мен месседжерлерде дәрігер Айна Бакееваның мәлімдемелерімен бөлісуде.
-
Еліміздің қай өңірлерінде жұмыссыз жастар көп
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда жастар арасындағы жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Алайда бір жылдан астам уақыт жұмыс іздеп жүрген адамдардың саны бірден 56-ға артқан. Бұл туралы finprom.kz сайты жазды.
-
Токио-2020: Владислав Яковлев Токио Олимпиадасын аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода академиялық есуден ерлер арасында D финалы мәресіне жетті.
-
Демалыс күндері 40 градус ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тамыз айының басынан бастап, Иранның аудандарынан елдің батыс жартысына жылы және құрғақ ауа массалары келе бастайды.
-
Токио-2020: 30 шілдеге арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының кезекті жарыс күнінде жеңіл атлетте бәсекесі басталады. Olympic.kz 30 шілдеге арналған қазақстандық спортшылардың жарыс кестесін назарларыңызға ұсынады.
-
Ауыр атлетика федерациясы Сон мен Чиншанлоға жаңа көлік мінгізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Ауыр атлетика федерациясы Олимпиада жүлдегерлері Игорь Сон мен Зульфия Чиншанлоға жаңа көліктер береді.
-
Жыл басынан бері 300-ден аса адам суға кетіп қайтыс болған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жыл басынан бері еліміздің су айдындарында 214 адам, оның ішінде 43 бала құтқарылды. 312 адам суға кетті, оның ішінде 109 бала суға батып, қайтыс болды.
-
Вакцинация алғандар арасында ұтыс ойынының тікелей эфирі 31 шілдеде өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады.
-
Елімізде 3,6 млн-нан астам адам вакцинаның екінші дозасын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 30 шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Медициналық сақтандыру жүйесі халықтың денсаулыққа қатысты шығындарын қысқартуды көздейді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Медициналық сақтандыру жүйесіндегі маңызды мәселелердің бірегейі – азаматтарды сақтандыру белгісіммен қамту. Ұлттық экономика министрлігінің дерегінше, шілдеге дейін Жамбыл облысындағы 1 миллион 139 мың адамның 912 453-і немесе 79,8%-ы ғана сақтандырылған.
-
COVID-19. Түркістан облысы «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
КВИ мен пневмониядан 101 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 30 шілдедегі ақпаратты жариялады.
-
5060 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 5060 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты.
-
Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Өткен тәулікте 7778 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 7778 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Алматыда екі сел бөгетінің құрылысы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сел қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Алматы тауларындағы моренді көлдердің жағдайына аэровизуалды зерттеу жүргізілді.
-
Қарағанды облысының сауық орындары бақылауда болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының мониторингтік топтарына енді көшедегі бейнебақылау камералары көмектеседі. Олар дәмханалар мен мейрамханалардың, моншалар мен сауналардың жұмысын қадағалайды.
-
Таиландта «дельта» штамын жұқтырғандар көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бангкокта COVID-19 вирусы «дельта» штамының таралуына байланысты коронавирусқа шалдығушылар саны артып, төсек-орын жетіспеушілігі орын алуда. Бұл туралы еліміздегі COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Атырауда зейнеткерді тонаған жігіт қамалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 шілдеде сағат 12:00 шамасында 71 жастағы зейнеткерді тонап кеткен.
-
Павлодар облысында жүкті әйелдердің коронавирус жұқтыруы көбейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы онлайн өткен баспасөз жиынында Павлодар облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті.
-
Пашинян Әзербайжанмен шекараға Ресей әскерін орналастыруды ұсынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Армения премьер-министрінің міндетін атқарушы Никол Пашинян Әзербайжанмен шектесетін шекара бойына Ресей әскерінің бақылау пунктерін орналастыруды ұсынды, деп хабарлайды РИА Новости.
-
«Шахтер» мен «Тобыл» Конференция лигасының үшінші раундына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Шахтер» мен «Тобыл» УЕФА-ның Конференция лигасында үшінші іріктеу раундына шықты, деп хабарлайды Vesti.kz.
-
Қазақстанда коронавирустың таралуы бойынша «қоңыр-қызыл» аймақ пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Ерлан Қиясов жаңа қаулыға қол қойды. Онда «қоңыр-қызыл» аймақ деген түсінік пайда болды.
-
ШҚО-да өрттен екі адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шемонаиха ауданындағы үйлердің бірінен өрт шығып, 2 адам көз жұмды, деп хабарлайды Алтайньюс.
Наверх