Әлия Назарбаева алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты

30 Шілде 2021, 20:36
3944
Бөлісу:
Әлия Назарбаева алғашқы кітабында не туралы жазғанын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың кенже қызы Әлия Назарбаева өзінің алғашқы кітабын жазып бітірді.

Қарапайым тілмен және жақсы ниетпен жазылған алғашқы кітабымды аяқтадым. Мен бір кездері бағалаған, жақсы көрген және осы күнге дейін жақсы көретін нәрселерді оқиғалар мен баяндау арқылы жеткізуге тырысып бақтым. Кітапта балалық шағым туралы, әпкем Динараның қалай менімен әлек болғанын, әкеммен не жайлы ұзақ сөйлескеніміз туралы, анамның кеңестері қалай көмектесіп, күш бергенін айтамын, - деп жазды Әлия Назарбаева өзінің Instagram парақшасында.

Ол «Место Силы» кітабынан оқырмандар оның ұстаздары туралы, достықта нені жоғары бағалайтынын, нені кешіріп, не үшін кешірім сұрай алатыны жөнінде білетінін атап өтті.

Мен балаларымды қатты жақсы көремін және олардың кез келген таңдауын қолдаймын, бұл туралы кітапта жаздым және оны бұрын еш жерде жарияланбаған фотосуреттер арқылы білдірдім, - деді ол.

Назарбаева «Место Силы» кітабы қазір баспада басылып жатқанын хабарлады.


Өзгелердің жаңалығы