ШҚО-да 100-ден астам адам Кеңес үкіметінің паспортымен жүр

30 Шілде 2021, 18:55
3488
Бөлісу:
ШҚО-да 100-ден астам адам Кеңес үкіметінің паспортымен жүр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Көші-кон қызметі өкілдерінің хабарлауынша, олардың көбі шалғай аудандарда тұрады деп хабарлайды «Хабар 24». 

Мамандар Абай ауданында 52 жастағы әйел адамның құжатын жаңартуға көмектесті. Ол 1980 жылы Ресейге кетіп, сол жақта тұрған. Төлқұжатын да сол елде рәсімдепті. Алайда бірнеше жылдан соң Қазақстанға оралып, отбасын құрған. Бірақ жеке бас құжатын өзгертуде кедергілер болыпты. Осылайша, облыстық көші-қон қызметінің көмегімен ол жақында ғана қазақстандық куәлікке қол жеткізді. 

Айта кеткен жөн, «қызыл паспортты» адам ешқандай мемлекеттік қызметке жүгіне алмайды. 

Тұлғалар жәрдемақы және зейнетақы рәсімдеу, білім алу қызметтерін алуға шектелген. Заңды еңбек етуге мүмкіндік жоқ. Облыс бойынша жыл басынан бері 1974 жылғы үлгідегі паспорттары бойынша 128-ден астам адам ҚР жеке куәлігімен құжаттандырылып көмек көрсетілді, - дейді ШҚО ПД Көші-қон қызметі басқармасының аға инспекторы Аслан Ұлтанбаев.   


Өзгелердің жаңалығы