Нұрлан Ақүрпеков: I раундта өзбек боксшысынан мұндай қарсылық күтпедік

30 Шілде 2021, 13:40
3973
Бөлісу:
Нұрлан Ақүрпеков: I раундта өзбек боксшысынан мұндай қарсылық күтпедік

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 75 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Әбілхан Аманқұла Олимпиададағы бірінші кездесуін жеңіспен аяқтады.

Ол Өзбекстан өкілі Фанат Қахромоновты ұтқан болатын. Осы орайда, боксшының жеке бапкері Нұрлан Ақүрпеков сұхбат беріп, спортшының аяқ алысына баға берді, деп жазды Olympic.kz.  

Бірінші раундта біраз соққы жіберіп алды. Шыны керек, бұлай төтеп береді деп ойламадым. Екеуі де мықты спортшылар. Жаттығу кезінде де, ресми жарыстарда да Әбілхан мен Фанат жиі кездесіп жүр. Олимпиадаға өзбекстандық боксшы үлкен дайындықпен келген. Тактикасының да дұрыс екені көрініп тұр, - деді ол.
Бапкердің айтуынша, ол Әбілханға бірінші раундтан бастап тізгінді қолға алу керектігін тапсырған.
Байқағанымздай, бірінші раундта жеңіске жеткен спортшылардың көпшігі келесі кезеңге өтіп жатыр. Өзбек бапкерлері де соны ескерсе керек. Әрине, біз де бірінші раундтан бастап тізгінді қолға алу керектігін тапсырдық. Бірақ Әбілхан шыға салып, екі-үш соққы жіберіп алды. Біздің тактикамыз жемісін берді. Қарсыласты шаршатып алып, жоспарымызды жүзеге асыруды ойлаған едік. Солай болды да. Әбілхан намысқа тырысты, - деді ол.
Ол командалас жігіттердің сәтсіздікке ұшырағаны да психологиялық тұрғыдан қиындау соққанын айтты.
Оның үстіне, командалас жігіттердің сәтсіздікке ұшырағаны да психологиялық тұрғыдан қиындау соқты. Енді Әбілхан жеңіспен жол ашты, әрі қарай да жалғасады деп ойлаймын. Келесі қарсыласымыз да өзбекстандық боксшымен бір деңгейде. Әбілхан мен бразилиялық боксшының әлеуеттері бірдей. Орта қашықтықты сақтап, өз жекпе-жегімізді үдету керекпіз, - деді Нұрлан Ақүрпеков. 

Өзгелердің жаңалығы