Жайық өзенінде бекірені заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

30 Шілде 2021, 14:34
1337
Бөлісу:
Жайық өзенінде бекірені заңсыз аулаған браконьерлер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Есептеулерге сәйкес, балық ресурстарына келтірілген зиян 467 500 теңгені құрады, деп хабарлады ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі.

2021 жылғы 27 шілдеде сағат 22.30-да ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің Жайық-Каспий облысаралық бассейндік балық шаруашылығы инспекциясының қызметкерлері Батыс Қазақстан облысы полиция департаментінің қызметкерлерімен бірлесіп «Круглоозерное» кенті ауданында Жайық өзенінде рейдтік іс-шаралар өткізу кезінде бекіре тұқымдас балықтарды заңсыз аулаған үш азаматты ұстады.

Ұстау орнында жалпы салмағы 1,6 кг болатын «стерлет» түрінің екі данасы және салмағы 0,2 кг болатын бір лақашық табылып, тәркіленді. Есептеулерге сәйкес, балық ресурстарына зиян 467 500 (төрт жүз алпыс жеті мың бес жүз) теңгені құрады. Жануарлардың сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген түрлерін аулау үшін жауапкершілік ҚР ҚК-нің 339-бабында (сирек кездесетін және Құрып кету қаупі төнген, сондай-ақ пайдалануға тыйым салынған өсімдік немесе жануар түрлерін, олардың бөліктерін немесе дериваттарын заңсыз пайдалану) үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түрінде көзделген, - делінген ведомство хабарламасында.

Осыған байланысты, инспекция қызметкерлері жинаған материалдар қылмыстық іс қозғау үшін табиғатты қорғау полициясының қызметкерлеріне берілді. 

Аталған дерек ҚР ЭГТРМ Балық шаруашылығы комитетінің бақылауында.


Өзгелердің жаңалығы