Әлемде 197 млн-нан астам адам індет жұқтырған

30 Шілде 2021, 11:39
2645
Бөлісу:
Әлемде 197 млн-нан астам адам індет жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 шілдедегі жағдай бойынша, әлемде 197,3 миллионнан астам адам COVID-19 инфекциясын жұқтырды. Бұл туралы Worldometers хабарлады.

Әлемде 197,364,593 адам коронавирус жұқтвырып, оның 178,516,410-ы емделіп шықты. Қайтыс болғандар саны 4,214,601 құрады.

COVID-19 ең көп таралған елдер АҚШ (35,584,272), Үндістан (31,571,295), Бразилия (19,839,369), РФ (6,218,502), Франция (6,079,239), Ұлыбритания (5,801,561), Түркия (5,682,630) және Аргентина (4,905,925) болып қала береді.

Өлімнің ең көп саны АҚШ-та (628,492), Бразилияда (554,626) және Үндістанда (423,244) тіркелді.

ДСМ мәліметі бойынша Қазақстанда 30 шілдедегі мәлімет бойынша, 93 580 адам коронавирус инфекциясынан (–91 133 + және 2 447 КВИ-) емделуде, олардың ішінде 26 408 пациент стационарда, 67 172 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда.

КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: 1 639 адамның жағдайы ауыр, 345 пациенттің жағдайы өте ауыр, 180 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

Өзгелердің жаңалығы