Ақмолада 28 жастағы жігіт алаяқтықпен екі жыл бойы елден ақша жинаған

30 Шілде 2021, 23:40
2438
Бөлісу:
Ақмолада 28 жастағы жігіт алаяқтықпен екі жыл бойы елден ақша жинаған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысында қаржы пирамидасын ұйымдастыру және басқару фактісі бойынша тергеу жүріп жатыр, деп жазады polisia.kz.

Ақмола полицейлері Целиноград ауданының 28 жастағы тұрғынына қатысты қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеу бастады.

Күдіктінің WhatsApp мессенджерінде «Өзара көмек кассасы» чатын құрып, 2019 жылғы тамыздан бастап 2021 жылғы сәуірге дейін қаржы пирамидасын басқарғаны белгілі болды.

Ол Ақмола облысы мен республиканың өзге де өңірлерінің тұрғындарының ақшасын алаяқтық жолмен қалтасына басқан.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі «Алаяқтық» бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.


Өзгелердің жаңалығы