Жамбылда тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылады

30 Шілде 2021, 11:24
1066
Бөлісу:
Жамбылда тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сауда және интеграция министрлігі тұтынушылардың құқықтарын қорғау Комитетінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы Байқадам Дүйсенбаев өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте айтты.

Биылғы жылдың І жарты жылдығында департамент азаматтардың 205 өтінішін қарады. Өтініштердің сипаты әр сала бойынша әртүрлі. Ең көп түскен өтініш бөлшек сауда саласында. Онда есепті кезеңде – 117 өтініш, бұл 57,1% құрайды. Ал тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылады, - деді ол.

Департамент басшысы тұрмыстық коммуналдық шаруашылық қызметі екінші сатыда дейді.

27 өтініш түсіп, 13,2%-ды құраған. Ары қарай дәл солай тұрмыстық қызмет көрсету – 27 өтініш 13,2%-ды құрайды. Электронды сауда – 17 өтініш (8,3%-ды құрайды). Көлік қызметі – 5 өтініш (2,4%-ды құрайды). Байланыс қызметі – 5 өтініш (2,4%-ды құрайды). Қоғамдық тамақтану – 3 өтініш (1,4%-ды құрайды) және тағы басқалар бар. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласы бойынша түскен өтініштердің талдауынан, Жамбыл облысында тұтынушылардың құқықтары көбіне бөлшек саудада жиі бұзылатыны анықталды, - деді ол.

Оның айтуынша, осы салада барлығы 117 өтініш келіп түсті, бұл өтініштердің жалпы санының 57,1%-ын құрайды.

Оның ішінде сапасыз тауарды айырбастаудан немесе қайтарудан бас тартуы бойынша өтініштер 47,0%-ды, күнтізбелік 14 күн ішінде сапасыз тауарды қайтарудан бас тарту туралы өтініштер 27,4%-ды құрайды, - деді Дүйсенбаев.


Өзгелердің жаңалығы