Жер бетінде вирустық гепатитпен 350 миллион адам ауырады

30 Шілде 2021, 20:18
4368
Бөлісу:
Жер бетінде вирустық гепатитпен 350 миллион адам ауырады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік гепатитпен күрес күні жыл сайын 28 шілдеде вирустық гепатит – денсаулыққа бірқатар қауіпті зардап әкелетін бауырдың қабынуы туралы ақпараттарды көбірек тарату үшін аталып өтеді. 

ДДСҰ мәліметтері бойынша, Жер бетінде қазіргі кезде вирустық гепатиттің қандай да бір түрімен 350 миллион адам ауырады. Олардың көпшілігі негізінен В гепатитімен ауыратындар. Соңғы зерттеулер бойынша дәл осы В гепатитімен 257 миллион адам ауырады, жыл сайын одан 900 мың адам қаза табады. С гепатитімен ауыратын науқастар да үлкен пайызды құрап отыр, ол 71 миллион адамнан анықталған. Аурудың қалай өрбитіні де нашар болжамдарға әкеледі, гепатит вирусының бірнеше түрін қатар жұқтырғандар да болады. Мысалы, B және С, B және D. 

Денсаулық сақтауды дамыту орталығының статистикалық мәліметтеріне сүйенсек, Қазақстанда 2019 жылы әр 100 мың тұрғынның арасында 35,1 мың адам вирустық гепатитпен ауырған. Бауырдың тағы бір білінбейтін ауруы – алкогольдік емес стеатоз немесе бауырдың алкогольді емес майлыбасу ауруының (БАЕМА) қарқынды көбеюі де алаңдатады. Гепатологтардың айтуынша, Қазақстан Респуликасында халықтың 40%-дан астамы осы ауруға ұшыраған, ол бүкіл әлем бойынша бауырды алмастырудың (әсіресе әйелдер арасында) екінші орындағы әрі жылдам өршіп бара жатқан себебіне айналып отыр.

Қазіргі әлемде ауыр вирустық гепатиттерді қосқанда түрлі жастағы халықтың өкілдері гепатитпен жиі ауырып, ол жыл сайын бір жарым миллион адамның өмірін жалмап отыр – бұл ВИЧ-инфекция, малярия және туберкулез сияқты ауруларданда жоғары көрсеткіш. Өкінішке қарай, бауыр ауруының қосымша қаупі бар, өйткені аурудың бастапқы кезеңінде ешқандай белгілер байқалмауы мүмкін. Соның кесірінен ауруға шалдыққандардың шамамен 80 пайызы өздерінің қауіпті вирусты тасымалдаушы екенін білмейді. Сондықтан бауыр аурулары туралы хабардар болу, алдын алу және уақытында медициналық көмекке жүгіну қазіргі кезде басты міндеттердің біріне айналды.

 


Өзгелердің жаңалығы