Елордада бір күнде карантин талаптарын бұзған сегіз мекеме жауапқа тартылды

30 Шілде 2021, 12:55
2125
Бөлісу:
Елордада бір күнде карантин талаптарын бұзған сегіз мекеме жауапқа тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары тәулік бойы күшейтілген режимде жұмысын жалғастыруда. Күн сайын олар қаланың 100-ден астам мекемесі мен сауда нысандарында шектеу шараларының сақталуын тексереді, ондаған карантин бұзушылықты анықтайды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Есіл ауданында «Chechil Pub» барында, «Чир-Chic», «Veranda» мейрамханаларында жұмыс тәртібі сақталмаған. Сондай-ақ, «Аlanya» караоке-мейрамханасы есіктерін жауып жұмыс істеген.

Сарыарқа ауданында карантин талаптарын бұзғандар тізімінде «K-RIMA» дәмді палау орталығы, «Пей здесь» лаундж-бары бар.

Белгіленген уақыттан кейін Алматы ауданында орналасқан «Еда мира» кафесіне, «Пар house», «Parilkino» сауналарында келушілерді қабылдаған.

Тәртіп бұзушыларға қатысты жиналған материалдар тиісті шаралар қабылдау үшін аудандық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасына тапсырылды.

Естеріңізге сала кетейік, елордадағы эпидемиологиялық ахуал тұрақсыз болып қалуда. Күн сайын қалада КВИ ауруының 1300-ден астам жаңа жағдайы анықталып жатыр, аурудың орташа және ауыр ағымы бар 300-ге жуық пациент инфекциялық стационарларға түсуде. Осыған байланысты мамандар Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары мен қонақтарын, сондай-ақ кәсіпкерлік нысандарын санитарлық нормалар мен карантин талаптарын қатаң сақтауды сұрайды. 

Айта кету керек, инфекцияның өсуін тоқтатудың жалғыз тиімді әдісі – екпе егу арқылы ұжымдық иммунитетті қалыптастыру. Ол үшін вакцинаны халықтың 60%-дан астамы алуы тиіс.
Өзгелердің жаңалығы