Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

30 Шілде 2021, 08:19
1237
Бөлісу:
Әлібек Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Ә.М. Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы

2021 жылғы 30 шілде

ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Отандық мәдениетті дамыту мен музыка өнерін дәріптеудегі айрықша еңбегі үшін Әлібек Мұсаұлы Дінішевке жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағы берілсін.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

                 Президенті                                                                           Қ.Тоқаев

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 30 шілде

                 № 634


Өзгелердің жаңалығы