Қытайды ашық сынаған миллиардер жазаға кесілді

30 Шілде 2021, 17:31
3491
Бөлісу:
Қытайды ашық сынаған миллиардер жазаға кесілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың Коммунистер партиясына қатысты ашық сын айтып жүрген миллиардер Сунь Давуға қатысты сот үкім шығарды. Ол 18 жылға түрме жазасына кесіліп, үш млн юань айыппұл төлеуге міндеттелді. 

Бұл туралы centralasian.org хабаралады.

Ол белгілі топты мемлекеттік мекемелерге шабуыл жасауға шақырған деп айыпталып отыр. Сондай-ақ заңсыз бизнес жүргізуге, жерді заңсыз басып алуға және араздықты қоздыру баптары бойынша айыпталған.

67 жастағы Сунь – тоғыз мың адам жұмыс істейтін ауыл шаруашылығы кәсіпорнының басшысы. Ол 2019 жылы 100 миллиондай шошқа өліміне себеп болған шошқа тұмауының масштабын жасырғаны үшін Қытай үкіметін ашық сынап келген.

Осыдан кейін мемлекет оның жер учаскесін тартып ала бастаған. 

Reuters хабарлағандай, оның қызметкерлері «совхоз» ғимараттарының сүрілуіне қарсы шығып, полициямен қақтығыста жарақат алған.

Қытай құқық қорғаушылары Сунь адам құқықтарын қолдағаны үшін жазаға тартылғанын айтады.

Сунь Қытай университеттерінде дәріс оқып, қайырымдылық істерімен айналысып келген. Аурухана мен мектептер салуды қаржыландырған.

Өзгелердің жаңалығы