Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?

30 Шілде 2021, 12:32
4838
Бөлісу:
Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?
PHOTO
Фото: автордан

Алматы облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрлы жол»  бағдарламасы аясында салынып жптқан Талдықорған-Өскемен республикалық маңызы бар жолдың құрылысы 2017-2023 жылдарға есептелген. «ҚазАвтоЖол» ұлттық компаниясы ұйымдастырған пресс-тур барысында жол салушылармен тілдесіп, құрылыстың қанша бөлігі қалғанын білдік.
 

Аталған жолда құрылыс жұмыстары негізінен Талдықорған-Үшарал-Қалбатау-Өскемен аралығында жүріп жатыр. Мердігер компания «CITIC Construction Co LTD» серіктестігі.

 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?



Жаңадан салынып жатқан жолдың жалпы ұзындығы 763 шақырым. Оның 313 шақырымы Алматы облысы аумағында. Жолдың 31 шақырымы төрт жолақты, калған 282 шақырымы 2 жолақты. Талдықорған-Үшарал аралығында 5 құрылыс алаңы бар. Талдықорғаннан шыға берісте 38 шақырым болатын №1 учаскеде құрылыс жұмыстары 80%-ға аяқталған.

«ҚазАвтоЖол» Ұлттық компаниясының Алматы облысы филиалы басшысының орынбасары Нұрқат Ақылтаев бұл учаскенің екі қабатты төсемесін 15 тамызға дейін аяқтауды жоспарлап отырғандарын айтады. Одан кейін беткі қабатының дыбысты изоляциясын өңдеуге кіріседі.

 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?


 

Жоспар бойынша бұл учаскені 2023 жылы тапсыруымыз керек, дегенмен 2022 жылдың жазында аяқтаймыз деп отырмыз. Құрылыстағы жұмысшылардың 90%-ы жергілікті халық, 10 адам Қытайдан келген, - дейді ол.
 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?


 

Мердігерлер өзі алған құрылыс алаңының жобалық жұмысын да, құрылысын да өздері атқарады екен. 2017-2018 жылдары жобалық сызба жұмыстары жасалған, тек 2019 жылдан бері құрылыс жүріп жатыр.

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?


 

Сондай-ақ әр учаскеде 200-ге жуық құрылыс техникасы және 300 жұмысшымен қамтылған. Талдықорғаннан Үшарал қаласына дейінгі 300 шақырымдық аралықта 2 мыңдай адам жұмыспен қамтылып, 1,5 мың техника тартылған. 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?


 

Бұл аралықтағы құрылысқа 122 млрд теңге бөлінген. Оның 80 пайызы қытайлық Эксим банкпен қаржыландырылады, қалғаны ел бюджетінен, - дейді Нұрқат Ақылтаев.
 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?



№1 учаскенің жоба басшысының орынбасары Тью Александр Қытай мамандарымен бірлесіп жұмыс істеп, тәжірибе алмасу жүріп жатқанын айтады. 

 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?


 

Қытайдан келгендердің жұмысқа деген қабілеті жоғары әрі ережені қатаң сақтайды. Жолды салып біткен соң келісім бойынша екі жылға кепілдік береміз. Арасында аяқталмай қалған тұстарын жөндеп отырамыз. Жалпы жаңа жол 18 жылға дейін шыдау керек. 6 жылдан соң орташа жөндеу жұмыстары жасалып тұрғаны жөн, - дейді маман.
 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?



Сондай-ақ жол бойында бетон және басқа да құрылыс материалын өндіретін бірнеше зауыт салынған. Зауыт сағатына 300 тонна бетон өндіреді, ал бір жұмыс күнінде 1500 тоннаға дейін жетеді. Бір зауытта 50-ге жуық адам жұмыс істейді. Зауыт жанында тас карьері орналасқан, жол салуға қажетті шиыршық тастың бәрі осы жерде дайындалады.

 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?



Жол салу ісі өзге де саланың дамуына, жалпы экономикаға мультипликативті серпін беріп отырғанын айта кеткен жөн. Өйткені республикалық маңызы бар жолдар көптеген елді мекенді басып өтеді. Жол құрлысы кезінде ауыл адамдары жұмысқа тартылады әрі сол жерден азық-түлік сатып алынады. Ет, сүт, жанармай, құрылыс материалдары барлығы жергілікті жерден алынады. Бұл сол жерде бетон және басқа да өнімді көптеп шығаруға жағдай жасайды. Оған қоса мердігерлер салық төлеп, ел қазынасына аз да болса ақша құйып отыр. Яғни жол салуға деп бөлінген ақша айналып келгенде экономиканың өзге саласына серпін беріп отыр. Оған қоса құрылыс алаңында пайдаланылып жатқан материалдың 95%-ы отандық өнім.

Таусамалы ауылы маңында салынып жатқан жол құрылысында көптеген жергілікті халық жұмыс істеп жатыр. Соның бірі Темірлан Нұрқыдыр есімді жас жігіт. Ол төселіп жатқан асфальттың температурасына жауапты зертханашы.

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?



 

Жолға төселетін асфальт зауыттан стандартқа сай белгілі бір температурада шығады. Ал жолға төсегенде 150 градустан аспау керек, мен соны тексеріп отырамын. Қалыпты температура 140-150 градус арасында. Құрылыс басталғалы осы жерде жұмыс істеп жатырмын. Айына орта есеппен 150 мың теңге аламын. Бұған дейін Талдықорғандағы жол құрылысында істедім. Жол құрылысында екі қабат асфальт төселеді, біріншісі 14 см, екіншісі 12 см. Оның бетінін дыбысты реттейтін тағы бір төсеме құйылады, - дейді ол.
 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?



Алматы-Өскемен жолын салу барысында 50 жылдан бері жаңармаған 26 көпір және 340 құбыр қайта салынған. Соның бірі Алматы облысына қарасты Сарқан мен Алакөл аудандары түйіскен тұстағы Лепсі өзенінің көпірі. Жаңа көпірдің ұзындығы 17,5 метр әрі ауыр жүктерді көтеруге қауқарлы.

 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?


 

Ескі көпір 1969 жылы салынған. Қазіргі көпір 13 тонналық жүктемеге есептеліп салынып жатыр. Құрылыс 2019 жылдың көктемінде басталды. 2020 жылы пандемияға байланысты біраз шетелдік мамандар келе алмай қалды. Оған қоса қажетті құрал-жабдықтар да уақытында жеткізілмеді. Дегенмен жұмыс жоспар бойынша жүріп жатыр. Көпірді осы жылдың қазан айында пайдалануға береміз. Біз салып жатқан №3 участокте 9 көпір салу көзделген, оның барлығы биыл толығымен аяқталады, - дейді инженер-көпірші Ерлан Жұбандықов. 
 

Талдықорған-Өскемен тас жолының қанша бөлігі салынып бітті?



Жол салушылар халық сәл шыдамдылық танытса, әлі-ақ тақтайдай әдемі жолмен жүйіткитін болады деп сендірді.
 

Өзгелердің жаңалығы