Все новости за 30 маусым 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Өскеменде жедел жәрдем көлігі аударылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Сәтпаев даңғылында жедел жәрдем көлігі «TOYOTA» маркалы автокөлігімен соқтығысып, аударылып қалды, деп хабарлайды Altaynews.
-
ҚР ІІМ Өзбекстан Ұлттық ұланымен ынтымақтастық келісіміне қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына жұмыс сапарымен келген Өзбекстан Республикасы Ұлттық ұланының қолбасшысы Рустам Джураевпен кездесті, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметінен.
-
Қызылордада 70 жазасын өтеушіге диплом табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қызылорда облысы бойынша ҚАЖ департаментінің ЗК-169/5 мекемесінде карантиндік сақтық шараларын сақтай отырып техникалық білім туралы диплом табыстау рәсімі өтіп, 70 сотталған С.Ысқақов атындағы Қызылорда құрылыс және бизнес колледжін, Қызылорда қызмет көрсету және сервис колледжін және М.Ықсанов атындағы Қызылорда политехникалық кәсіптік колледжін бітіргендігі жайлы дипломдар алды. Оның ішінде 20 сотталғанға ағаш ұстасы, 22--сіне дәнекерлеуші, 23-іне тігінші біліктіліктері берілді.
-
Назарбаев пен Путиннің кездесуі өтіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Кремльде Нұрсұлтан Назарбаев пен Владимир Путиннің кездесуі өтіп жатыр. Бұл туралы өзінің Twitter-дегі парақшасында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібай мәлімдеді.
-
Елімізде алғаш рет халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Меценаттардың көмегімен Қазақстанда алғаш рет халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды. Бастама Президент көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Әсет Исекешевтің тапсырмасымен ІІМ «Полицияның сервистік моделі» пилоттық жобасының аясында жүзеге асырылып жатыр деп хабарлады университеттің баспасөз қызметі.
-
Түркістанда жұмысқа тұрғызамын деген желеумен 6 тұрғынды алдаған күдікті ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда облыста қылмыстың өршіген түрі - алаяқтық қылмысы. Сондықтан да облыс полицейлері қылмыстың алдын алу мен болдырмау жұмыстарын жүйелі түрде жүргізуде. Атап айтсақ, Түркістан қаласында болған кезекті алаяқтық қылмысы ашылды.
-
Әкім елорданың денсаулық сақтау жүйесі жаңғыртудан өткенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғалы бері қаланың денсаулық сақтау жүйесі айтарлықтай модернизациядан өтті. Жедел жәрдем машиналарының паркі толық жасақталды, 200 төсектік қалалық инфекциялық орталықтың ғимараты пайдалануға берілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.
-
Бас мүфти бастаған ҚМДБ ұжымы вакцина салдыртты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін елордадағы N9 қалалық емханадағы вакцина егу пунктінде бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы бастаған ҚМДБ ұжымы вакцина салдыртты. Індет өршіп, вирустың жаңа түрінің таралуына байланысты оның алдын алуда азаматтық парызымызды орындап, тәжтажалдың тоқтауына өз үлесімізді қосқымыз келді дейді ұжым бір ауыздан.
-
Салық кодексіне енгізілген өзгерістер – бизнеске көрсетілген қолдау
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ тілшісі. 24 маусымда «Салық кодексіне» және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» заңға енгізілген өзгерістерді қолданысқа енгізу туралы Заңға қол қойылды.
-
Әкімдер сайлауы арқылы халық сайлау мәдениетін үйренеді
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Қазақстанда ауылдық округтер мен кент әкімдерінің сайлауы өтеді. Қазақстандықтар алғаш рет өз елді мекендерінің басшысын өздері таңдайды. Осы жылы өкілеттік мерзімі аяқталатын 836 әкімнің алдағы уақытта ауылға басшы болуын тұрғындар шешетін болады. Осылайша 2025 жылға дейін республикада 2345 әкім сайлау арқылы бақ сынайды. Ұлттық экономика министрлігінің мәліметінше, ауыл әкімдерін сайлауға 4,8 милиард тенге қаржы бөлінген.
-
Түркістан облысында тұрғын үй ауласынан X-XI ғасырға тән ескерткіш табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Түлкібас ауданы Абай ауылындағы жекеменшік тұрғын үй ауласынан ортағасырлық құлпытас пен әулиелерге тән ескерткіш орны анықталды. Өзіндік тарихын ішіне бүгіп, белгілі бір тұлғаның өмірінен хабар беретін құлпытас сан ғасырлар бойы жер астында сақталып келген.
-
Алматыда 34 бағдаршам нысаны орнатылады – әкім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі онлайн-презентация барысында Vision Zero бағдарламасы туралы айтты.
-
Сағынтаев Алматының аудандарында салынатын жолдар туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев жол инфрақұрылымын дамыту жөніндегі онлайн-презентация барысында мегаполис аудандарындағы жолдарды жөндеу мен салудың қарқыны туралы айтты.
-
Тоқаев Швейцарияның бірқатар компаниясының басшыларын қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Швейцарияның іскерлік топтар өкілдерімен өткен кездесуден кейін Мемлекет басшысы бірқатар компанияның жетекшілерімен жеке-жеке кездесу өткізді деп хабарлады Ақорда.
-
МӘМС: Қызылорда облысы халқының 82,2%-ы сақтандыру мәртебесіне ие болды
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде мiндеттi әлеуметтiк мeдицинaлық сaқтандырy жүйeсi енгiзiлгелi оң өзгeрiстeр байқaлaды. Хaлық бұрын aқылы болғaн медицинaлық көмектi тегін aлып, емхaнаны, дәрiгердi еркін таңдайды. Сақтандыру қоры арқылы жеке меншік клиникаларға да тексерулеріне болады. Ол үшін азаматтар сақтандыру жүйесіне тіркелгенін қайдан біледі? Тeгiн көмек алу тұрақты жұмысың болу керек пе? Осы және өзге де сұрақтардың жауабын «Әлeумeттік медицинaлық сaқтандыру қoры» КЕАҚ Қызылoрда облыcы бойыншa филиaлының дирeкторы Бaқыт Исмaғамбетовтен сұрaп бiлдiк.
-
#Тәуелсіздік30: Көкшетауда «Ұлы Дала тарихына тағзым!» атты конференция өтті
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Көкшетауда Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Ұлы Дала тарихына тағзым!» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті.
-
Президент Швейцарияның іскерлік топтар өкілдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жиынды ашқан Мемлекет басшысы Швейцария құрама командасының футболдан өтіп жатқан Еуропа чемпионатында жақсы ойын өрнегін көрсеткенін атап өтті.
-
«Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім»: Жасанды интеллект білім саласына қалай әсер етеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Жасанды интеллект дәуіріндегі мұғалім» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Оған мыңнан астам педагог қосылды.
-
Қазақстан мен Беларусь арасындағы мұнайға қатысты келісім қашан күшіне енеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуі кезінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жауап берді.
-
Қарағанды мен Ақмола облыстарына газ тарту неге кешеуілдеп жатыр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуі кезінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев жауап берді.
-
Павлодар мұнай өңдеу зауытының жөндеу жұмыстары кейінге шегерілуі мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен есеп беру кездесуі кезінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев айтты.
-
Энергетика министрі АЭС құрылысына қатысты пікір білдірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг кезінде Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев Қазақстандағы Атом электр станциясының құрылысына қатысты сұраққа жауап берді.
-
«Бастау Бизнес»: Қызылорда облысында 5 жылда 6 мыңнан астам адам кәсіп ашты
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында «Бизнес Бастау» жобасы аясында 6 мыңнан астам адам қаржы алып, кәсібін бастады. Биыл өңірде осы жоба бойынша 2500-ден астам адамды оқыту жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 1187 азамат білім алғандығы жөнінде сертификат алды. Аймақтағы Кәсіпкерлер палатасының атқарып жатқан жұмыстары және кәсіпкерлердің құқықтарының қорғаулы жөнінде облыстық Кәсіпкерлер палатасының директоры Ғалымбек Жақсылықовпен сұхбаттасқан болатынбыз.
-
Көкшетауда триатлоннан Қазақстан біріншілігі өтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 10-11 шілде күндері Көкшетауда триатлоннан Қазақстан біріншілігі өтеді деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Семей полигоны аумағын экологиялық зерттеу аяқталады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаевтың есеп беру брифингінде белгілі болды.
-
#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз келешек жоқ. Соңғы отыз жылда әлемге Тәуелсіз Қазақстан ретінде танылған еліміздің тарихы ғасырлардан тамыр тартады.
-
Шығыстың бренді күншығысқа аттанады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Омарта өнімдерімен өзімізді ғана емес, өзге елдерді де қамтамасыз ететін өскемендік «Пасека» шаруашылығының өнімдері Жапонияға аттанбақ.
-
Елімізде жыл соңына дейін мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі іске қосылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады. Оның айтуынша, елімізде өндірілетін мұнай мен газ конденсатының 60%-нан астамы цифрлық мониторингке кіреді.
-
Сайлау халықтың билікке деген сенімін арттырады – ауыл әкімі
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда шілде айының соңғы он күнінде ауыл әкімдері сайланады. Саяси науқан Қостанай облысының 65 ауылдық округінде өтеді.
-
Тоқаев жер қатынастары туралы заңға қол қойды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы жер қатынастары туралы заңға қол қойды.
-
Жыл соңына дейін 140 мың адам газға қол жеткізетін болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы халық алдында есеп берген ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады.
-
Түркістан полицейлері танысының есепшотынан ақша жымқырған бойжеткенді ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел арызданып келеді. Оның айтуынша ұялы телефонын белгісіз біреу қолданып, ішіндегі банк қосымшасынан 70 000 теңгені жымқырған.
-
Оқушылар информатика пәні бойынша халықаралық олимпиадада төрт қола медальға ие болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. IOI 2021 (International Olympiad in Informatics) 33-ші Халықаралық олимпиадасында информатика пәні бойынша қазақстандық құрама төрт қола медальға ие болды.
-
Министр бензин бағасының қымбаттауына қатысты жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Халық арасында жиі талқыға түсетін сұраққа қатысты Орталық коммуникациялар қызметінің алаңындағы брифинг барысында ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев өз ойын білдірді.
-
ШҚО-да 77 ауыл және аудандық маңызы бар қала әкімі сайланады
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылдың 25 шілдесінде облыстың 16 өңірінде аудандық маңызы бар қалалардың, ауылдардың, ауылдық округтердің 77 әкімі сайлауға түседі.
-
Ішкі нарықта ашық түсті мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп берген ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осылай деді. Әрі пандемия мұнай өнімдері нарығын қатты әлсіреткен көрінеді.
-
Қазақстандық мамандар аутизмді диагностикалаудың «алтын стандартын» үйренеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Осы аптада ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі және БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) бірлескен жобасы шеңберінде аутикалық спектрдің аурулары бар балалардың диагностикасын жүргізуге жауапты 15 қазақстандық маманға ADOS-2 және ADI-R құралдарымен диагностиканың «алтын стандартына» 3 күндік оқыту басталды.
-
Елімізде былтыр 12 млн тоннаға жуық мұнай өнімдері өндірілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп берген ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады.
-
Назарбаев туралы деректі фильмнің трейлері жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 шілде күні сағат 21:30-да Хабар телеарнасының эфирінде «Штрихи к портрету. Лидер».
-
Жас педагогтер ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырғаннан кейін ғана жұмысқа қабылданады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жоғары оқу орындарының жас педагог-түлектерін Ұлттық біліктілік тестілеуін тапсырғаннан кейін ғана жұмысқа қабылдау жоспарланып отыр.
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Салт аттылар 1000 шақырымды бағындырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен Ұлттық Ат туризм федерациясы ұйымдастырған 1000 шақырымдық салт аттылар көпкүндік экспедициясы Жидебайға жетті.
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Тағы да Қоңыр әулие үңгірінде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Таңғы сағат 4-те тұрдық. Бүгінгі жол небары 22-ақ шақырым еді. Аттарға бола ерте тұруға тура келді.
-
Мамин «Tyson Foods» басшылығымен ет өңдеу жобасын іске асыру мәселесін талқылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин «Tyson Foods» халықаралық бизнес жөніндегі президенті Кристофер Лангхольцпен кездесу өткізді.
-
Жаилғанова мемлекеттік қызметке іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылатынын мәлімдеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. МҚІА төрағасы Анар Жаилғанова «iQyzmet» базасында кадрлық процестерді цифрландыру бойынша қабылданып жатқан шаралардың арқасында мемлекеттік қызметке іріктеудің барлық кезеңдері автоматтандырылатынын мәлімдеді.
-
Нұр-Сұлтаннан Жидебайға дейін. Әміре Қашаубаев туған жұрт
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. 26 маусым күні Бассақалда аттарды демалттық. Алдағы үш күндік сапар да ауыр.
-
Елімізде «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» көрмесі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілішісі. ҚР Ұлттық музейінде Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ғасыр саңлағы, күйші Дина Нұрпейісованың 160 жылдығы мен Ұлттық домбыра күні аясында «Пернесінде сөйлейді Ұлы дала» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
-
Жаңақорғандық диқандар қарбызды экспортқа шығаруда
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Жаңақорғандық диқандар қарбызды экспортқа шығаруда.
-
Қазақстан киберқауіпсіздік деңгейі бойынша 9 сатыға жоғарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның киберқауіпсіздік әлеуеті артты. Бұл туралы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Антикор елорда әкімдігін неге тексеріп жатқаны белгілі болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Қыркүйекте оқушылар мектепке орала ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз конференциясында жаңа оқу жылында балалар мектепке орала ма деген сұраққа пікірін білдірді.
-
Елордада вирустың анықталуы 6 есеге көбейді – Көлгінов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Балалар мен жүкті әйелдерге вакцина салу мәселесі зерттеліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева хабарлады. Қазір әлем елдерінде 12 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы вакцина салынып жатқаны белгілі.
-
Елорда күнінде отшашу бола ма? Көлгінов жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз конференциясында қала күніне орай отшашу бола ма деген сұраққа жауап берді.
-
Көлгінов Astana LRT құрылысы қалай жүріп жатқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Қызметтік көліктен бас тартқан Көлгінов таксимен жүретінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Нұр-Сұлтанда биыл 15 мектеп салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Биыл елордада 15 мектеп салынады, осылайша 40 мыңнан астам жаңа оқушы орны ашылады. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз конференциясында елорда әкімі Алтай Көлгінов айтты.
-
Пештің жанында байланып отырмайды. Көлгінов газдандыру туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Биыл елорда кәріздерінен 135 мың тонна қоқыс шыққан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Көлгінов биыл елордалықтарға қанша пәтер берілетінін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы әкімі Алтай Көлгінов ОКҚ-да өтіп жатқан баспасөз конференциясында биыл мұқтаж жандарға қанша пәтер берілетіні туралы айтты.
-
Вакцина КВИ-мен ауырғандарда иммундық жауапты 50 есе күшейтеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мұндай деректі Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте профессор-иммунолог, Профилактикалық медицина академиясының президенті, америкалық Денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман алға тартты. Оның айтуынша, індеттен айығып тұрған адам вакцина салдырса, екпе оны әсіресе, дельта штамнан 10, тіпті, 50 есеге дейін қорғауға қабілетті.
-
Елдегі қай вакцина дельта штамынан жақсы қорғайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Америка денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, Профилактикалық медицина академиясының президенті, иммунолог Алмаз Шарман жауап берді.
-
Көлгінов елорда халқының көбеюі қандай проблема туындатып отырғанын атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Арал теңізі бассейні елдеріне көмек көрсету жөніндегі бағдарлама бекітілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан делегациясы Премьер-министрдің орынбасары Р.Склярдың басшылығымен Халықаралық Аралды құтқару қорының басқару отырысына қатысу үшін Душанбе қаласына барды.
-
Эпидемиолог: Әр жаңа мутациямен ауру ағымының өзгеруі алаңдатады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚДСЖМ эпидемиология және дәлелді медицина кафедрасының доценті Рафаиль Қыпшақбаев айтты. Оның айтуынша, әр жаңа мутациямен вирустың күшеюі орын алып, аурудың ағымы да өзгеретін көрінеді.
-
Екі түрлі вакцина алу иммунитетті күшейтетіні рас па?
Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте профессор-иммунолог, Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман жауап берді.
-
Ауыл әкімдерін сайлауда тұрғындар құқықтарын толық пайдаланады – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы Қазбек Майгелдинов биылғы өтетін ауылдық деңгейдегі әкімдерді тікелей сайлау туралы пікір білдірді.
-
Вирус жаңа ортада өміршеңдігін ұзарту үшін мутацияланып жатыр – сарапшы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте профессор-иммунолог, Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман айтты.
-
ШҚО-да бизнес жұмысына кедергі келтірген 16 лауазымды тұлға жауапкершілікке тартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО департаментінің басшысы Ерлан Жалмағамбет «Antikor Live» жобасында айтты.
-
Мәжілістің құрамын 70 пайызға жаңартып алдық – Нығматулин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәжіліс төрағасы Мәжілістің құрамы қаңтардағы сайлаудан кейін 70 пайызға жаңарғанын атап өтті.
-
КВИ-ге шалдыққан 600-ге жуық қазақстандықтың жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының Басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева хабарлады. Әлемдік статистикаға сүйенсек, жер шарында індет басталғалы 182 млн адам вирус жұқтырып, оның ішінде 3,9 млн адам қайтыс болған.
-
Елордада коронавирустың клиникалық сипаты өзгерген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ШЖҚ МҚК "Көпбейінді медициналық орталық" директорының орынбасары Сәуле Атығаева айтты.
-
Парламенттің 156 депутаты екі ай демалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Парламент палаталарының бірлескен отырысы өтіп, VII шақырылымның сессиясын аяқтады.
-
Қазақстандық жеңіл атлеттер Токио Олимпиадасына 4 лицензия ұтып алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық жеңіл атлеттер Токиода өтетін Олимпиада ойындарына тағы төрт лицензия жеңіп алды, деп хабарлады Olympic.kz.
-
Жасөспірімдер арасында өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша чемпионат басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында XI Чемпионат басталды. Жарыс 30 маусым мен 3 шілде аралығында Орталық стадионда, сондай-ақ қаланың №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өтеді.
-
Израиль «қызыл» тізімдегі елдерге баруға тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Израиль шекарадағы қауіпсіздік шараларын күшейтіп, кейбір елдерге баруға тыйым салды. Сондай-ақ, қауіпті мемлекеттердің тізімі жарияланды.
-
Қазақстанда 2 миллионнан астам адам толық егілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 30 маусымдағы мәлімет бойынша Қазақстанда I компонентпен 3 335 172 адам вакцина салдырды, II компонентпен 2 000 596 адам.
-
Пикассоның тоғыз жыл бұрын ұрланған картинасы табылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекия полициясы осыдан 9 жыл бұрын ұлттық галереядан ұрланған Пабло Пикассоның картинасын тапты.
-
Сайланған ауыл әкімдерінің кәсіби біліктілігін арттыратын бағдарлама әзірледік – Ерлан Әбіл
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл елімізде ауыл әкімдерінің сайлауы өтетіні белгілі. Осы орайда сайланған ауыл әкімдерінің жеке және кәсіби біліктілігін арттыруға бағытталған арнайы бағдарлама әзірленді. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының ректоры Ерлан Әбіл мәлім етті.
-
COVID-19. 103 пациенттің жағдайы өте ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 30 маусымдағы ақпаратты жариялады.
-
Қызылорда облысы «жасыл» аймаққа ауысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 30 маусымдағы жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
АҚШ қазақстандықтарға визаны бермеу туралы мәселеге қайта оралғысы келеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Америка Құрама Штаттары пандемиядан кейін қазақстандықтар үшін визасыз жүру мәселесін талқылауға қайта оралуы мүмкін, деп хабарлады АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Уильям Мозер. Бұл туралы Интерфакс-Қазақстан жазады.
-
COVID-19: тағы 1223 адам індетінен айықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1223 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2016 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2016 адамда коронавирус ПТР-сынама арқылы расталды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
-
Қазақстан мен Армения арасындағы рейстер қайта жанданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Армения арасындағы рейстер қайта жанданды. Бұл туралы ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Египет барлық санитарлық шектеуді алып тастады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мысыр елі қалыпты тұрмысқа көшті. Бүгіннен бастап елде қатаң шектеулер алынды.
-
Қарағанды облыстық қан орталығы донорларға зәру
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облыстық қан орталығы қан банкісінің қорын толықтыруы керек. Облыс тұрғындарын қан мен иммундық плазма доноры болуға шақырады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің ресми сайты.
-
Қызылордада көпқабатты үй өртенді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылордада «Астана» шағынауданындағы көпқабатты үйлердің бірінен өрт шығып, тұрғындар қауіпсіз жерге көшірілді.
-
Оқушы мектеп асханасына қарыз болғаны үшін аттестатын ала алмаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейдің Урюпинск қаласындағы мектептердің бірінде оқитын 9-сынып оқушысы мектеп асханасына қарыз болғаны үшін аттестатын ала алмаған. Бұл туралы Известия газеті хабарлайды.
-
ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 40 адамға айыппұл салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген 40 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық ПД көші-қон қызметі.
-
Аттракциондардың жұмысына тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласы бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды. Қаулыға сәйкес, жабық ғимараттарда қалалық мәдени іс-шараларды өткізуге тыйым салынды. Мұндай шараларды онлайн форматта өткізуге болады.
-
Римдегі турнирде Баландин алғашқы төрттіктен көрінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Рим қаласында жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирі мәресіне жетті деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Коронавирустан көз жұмған 500-600 адамның мәйіті Ганг өзеніне ағып кеткен
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның солтүстігінде коронавирустан көз жұмған адамдардың мәйіті қасиетті Ганг өзеніне ағып кеткен. Бұл туралы Euronews телеарнасы хабарлады.
Наверх