Ішкі нарықта ашық түсті мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеген

30 Маусым 2021, 16:09
4243
Бөлісу:
Ішкі нарықта ашық түсті мұнай өнімдеріне сұраныс төмендеген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында халық алдында есеп берген ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев осылай деді. Әрі пандемия мұнай өнімдері нарығын қатты әлсіреткен көрінеді.

Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша авиакеросин, дизель отыны, мазут, бензин сынды мұнай өнімдерін өндіру көлемі 11,5 млн тоннаны құраған. 

Ал ішкі нарықта ашық түсті мұнай өнімдеріне сұраныс деңгейі азайған. Министрлік мұнай өнімдері нарығын қолдауға ықпал ететін бірқатар шаралар қабылдады. Атап айтқанда, мұнай өнімдерін автокөлікпен елімізден және Кеден Одағынан тыс жерлерге әкетуге салынған тыйымды алып тастау, мемлекетке теміржол, автомобиль және құбыр көлігімен бензин, дизель және әуе отынын жеткізуге тыйым салу, мұнай өнімдеріне, оның ішінде бензинге, дизель отыны мен мазутқа кедендік әкету баждарының мөлшерлемелерін алып тастау сияқты шаралар орындалды, - деді өз сөзінде ведомство басшысы.
Тағы бір айта кететін жайт, еліміздің мұнай өндіру саласында еліміздің үш ірі мұнай-газ жобасы – Теңіз, Қарашығанақ және Қашаған сынды ірі мұнай-газ жобасы көш бастап тұр. Олар республикамыздың экономикалық өсуіне жол ашады деп отыр мамандар.

Өзгелердің жаңалығы