Әкім елорданың денсаулық сақтау жүйесі жаңғыртудан өткенін айтты

30 Маусым 2021, 21:34
1409
Бөлісу:
Әкім елорданың денсаулық сақтау жүйесі жаңғыртудан өткенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғалы бері қаланың денсаулық сақтау жүйесі айтарлықтай модернизациядан өтті. Жедел жәрдем машиналарының паркі толық жасақталды, 200 төсектік қалалық инфекциялық орталықтың ғимараты пайдалануға берілді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте елорда әкімі Алтай Көлгінов мәлімдеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан әкімдігінің ресми сайты.

Медициналық жоғары оқу орындары мен колледждердің 350-ден астам түлегі COVID-19-ға қарсы күрес бойынша жұмысқа тартылды, медициналық саланың кадрлық құрамын толықтыру үшін жергілікті бюджеттен қосымша 500 грант бөлінді. Жедел жәрдем машиналарының паркі 107 бірлікке толықты және біз оны 100% жабдықтадық. Жаңа ғимарат — 200 төсектік қалалық жұқпалы аурулар орталығы пайдалануға берілді, — деді әкім.

Сондай-ақ алғашқы медициналық-санитарлық көмек – амбулаториялық қызметтер мен емханалардың жұмысы жаңғыртылды. Бұл шаралар ауруханалардағы жүктемені азайтуға көмектесті.

Қазір науқастар үйде емделуде, дәрі-дәрмектер тегін тасымалданады. Қашықтан емдеу ұйымдастырылды. Сондай-ақ резервтен жаңғырту жұмыстары мен медициналық жабдықтар сатып алу үшін қаражат бөлінеді. Оның ішінде қосымша оттегі резервуарлары, өкпені жасанды желдету аппараттары, рентген, компьютерлік томограф аппараттары сатып алынды. Қазір бұл біздің мамандарымызға айтарлықтай көмектесіп жатыр. Сонымен қатар, Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша медицина қызметкерлерінің жалақысы едәуір артты, — деді Көлгінов.

 


Өзгелердің жаңалығы