Римдегі турнирде Баландин алғашқы төрттіктен көрінді

30 Маусым 2021, 01:11
1660
Бөлісу:
Римдегі турнирде Баландин алғашқы төрттіктен көрінді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның Рим қаласында жүзуден Олимпиадаға іріктеу турнирі мәресіне жетті деп хабарлайды Olympic.kz. 

Үшінші жарыс күніндегі 200 метрге брасс әдісімен жүзуде Дмитрий Баландин төртінші орын иеленді. Оның нәтижесі – 02:10.6. 

Ал Әділбек Мусин 50 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден 13-орын алды. Мусиннің көрсеткіші – 24.02.  

Бұл турнирде Әділбек Мусин Қазақстан рекордын орнатты. Ол 100 метрге баттерфляй әдісімен жүзуден өз рекордына түзету енгізді. 


Өзгелердің жаңалығы