Антикор елорда әкімдігін неге тексеріп жатқаны белгілі болды

30 Маусым 2021, 13:34
2319
Бөлісу:
Антикор елорда әкімдігін неге тексеріп жатқаны белгілі болды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігі сыбайлас жемқорлықпен күреседі. Ал жергілікті атқарушы органдармен сыртқы және ішкі қауіптерді сараптау бірлескен жұмыс жүргізіліп жатыр. Себебі адами фактор бар жерде қауіп бар. Бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қомақты қаржымен жұмыс істейді. Әрине, бұл жерде бақылау керек. «Таяқтың екі ұші бар» дегендей, басқару шешіміне кедергі келтірмеу керек және оның бұзылуына да жол бермеу керек, - деді ол.

Көлгінов мұндай жағдайда тексеру дұрыс екенін айтты. Себебі жұмыс барлық меморганмен жүргізіліп жатыр.

Біз ондайды қолдаймыз. Жемқорлық қаупін алдын алу керек. Мемлекеттік қызметті цифрландыру жақсы нәтиже беріп жатыр. Мысалы, бірнеше жыл бұрын балабақшадан орын алу офлайн жүзеге асырылатын. Қазір ол онлайн іске асады. Яғни, біз адами факторды азайттық. Мұндай мысалдар өте көп. Цифрландыруға көшкен сайын, қауіп те азаяды. Бұл жұмыс әрі қарай жалғасын табады, - деді Алтай Көлгінов.

Қала әкімі адам бар жерде қауіп болғандықтан, цифрландыру енгізіліп жатқанын айтты.

Өмір бір орында тұрмайды. Сондықтан мемлекеттік органдармен бірлесе жұмыс істеп жатырмыз, - деді ол.


Өзгелердің жаңалығы