Жасөспірімдер арасында өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша чемпионат басталды

30 Маусым 2021, 10:27
2196
Бөлісу:
Жасөспірімдер арасында өрт сөндіру және құтқару спорты бойынша чемпионат басталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодар қаласында өрт сөндіру-құтқару спорты бойынша жасөспірімдер арасында XI Чемпионат басталды. Жарыс 30 маусым мен 3 шілде аралығында Орталық стадионда, сондай-ақ қаланың №1 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өтеді.

Чемпионаттың ашылу салтанатына "Қазақстан Республикасының өрт сөндірушілер мен құтқарушылардың спорт федерациясы" ҚБ атқарушы комитетінің директоры Дәурен Данаев, азаматтық қорғау ардагері Серік Адамжанов, Павлодар облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы Жасұлан Жұмашев, Павлодар облысы әкімінің бірінші орынбасары Олег Крук қатысты, - деп хабарлады ҚР ТЖМ баспасөз қызметі.

Чемпионатқа 14 өңірден 15 команда, сондай-ақ Абылайхан атындағы Қызылорда колледжінің спортшылары қатысады. Барлығы екі жүзден астам қатысушы бар. 

Жарыс төрт сайыс бойынша өтеді: шабуыл сатысымен көтерілу, 100 метрлік кедергілері бар жолақтан өту, 4×100 метрлік өрт эстафетасы, жауынгерлік қанат жаю.


Өзгелердің жаңалығы