ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 40 адамға айыппұл салынды

30 Маусым 2021, 03:33
3954
Бөлісу:
ШҚО-да қос азаматтықпен жүрген 40 адамға айыппұл салынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстанда қос азаматтықпен жүрген 40 адамға айыппұл салынды, деп хабарлайды облыстық ПД көші-қон қызметі. 

Олардың ішінде 10 адам басқа мемлекеттің азаматтығын алғаны туралы белгіленген мерзімде құзырлы органға хабарламағаны үшін айып арқалады. Ал Қазақстан азаматтығынан шығып кетсе де, біздің елдің құжаттарын пайдаланып жүрген 30 адам анықталды. Олар да әкімшілік айыппұл төледі. Көші-қон қызметінің өкілдері өңірде осы бағыттағы жұмысты қатаңдатып рейд жүргізуде. 

2021 жылдың ақпанында Алтай өлкесі Барнаул қаласында Ресей Федерациясының азаматтығын қабылдаған Риддер қаласының тұрғыны анықталды. Ер адам мемлекеттік қызметтер және ай сайынғы зейнетақы төлемін алу кезінде ҚР азаматының құжаттарын пайдаланған. Тәртіп бұзушы мөлшері 290 мың теңгені құрайтын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – деді облыстық ПД көші-қон қызметі бастығының орынбасары Нұрлан Жеңісханов.

Өзгелердің жаңалығы