Екі түрлі вакцина алу иммунитетті күшейтетіні рас па?

30 Маусым 2021, 12:07
2416
Бөлісу:
Екі түрлі вакцина алу иммунитетті күшейтетіні рас па?

Нұр-Сұлтан, BAQ,KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте профессор-иммунолог, Америкалық денсаулық сақтау қауымдастығының мүшесі, Профилактикалық медицина академиясының президенті Алмаз Шарман жауап берді.

Егер елде қазақстандық немесе ресейлік вакцинаны алған азамат шетелде өзге вакцинаны алса, бұл оның денсаулығына нұқсан келтірмей ме? - деп сұрады БАҚ өкілі.

Сарапшының айтуынша, коронавирустық инфекциямен ғылым жуықта ғана бетпе-бет келді. Оны зерттеу жұмыстары қарқынды жүргізіліп, ғылыми деректер күн санап жаңарып, толығып отыр. Бұған дейін коронавируспен ауырған адамдар вакцинаны белгілі бір уақыт өткеннен кейін егулері керек болса, бүгінде антидененің бар болуы вакцина алуға қарсы көрсетілім емес екені, бұл керісінше оның иммунитетіне оң әсерін тигізетіні анықталды.

Сол сияқты бірнеше вакцинаны қабылдау да денсаулыққа нұқсан келтірмейді. Керісінше ағзаның вирусқа қарсы иммундық жауабын күшейтеді. Бүгінгі күні екі түрлі вакциналар миксін қабылдаған танымал тұлғалар бар. Олардың бірі Ангела Меркель мен Реджеп Тайып Ердоған. Әлемдегі эксперттік қауымдастық бұл тәжірибенің тиімді екенін алға тартып отыр. Сондықтан шетелге шығып, ол жақта басқа вакцинаны алу денсаулыққа зиян келтірмейді. Тек вирусқа қарсы иммундық жауапты күшейтеді, - деді ол.

Бұған дейін Алмаз Шарман вирустың жаңа ортаға бейімделіп, мутацияланып жатқанын айтқан болатын.

Өзгелердің жаңалығы