Елімізде жыл соңына дейін мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі іске қосылады

30 Маусым 2021, 17:20
7509
Бөлісу:
Елімізде жыл соңына дейін мұнайды есепке алу ақпараттық жүйесі іске қосылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен брифингте ҚР Энергетика министрі Нұрлан Ноғаев хабарлады. Оның айтуынша, елімізде өндірілетін мұнай мен газ конденсатының 60%-ынан астамы цифрлық мониторингке кіреді.

Бүгінде жоба пилоттық режимде іске қосылды. Оған 7 мұнай өндіруші ұйым, 4 мұнай тасымалдаушы ұйым және 3 мұнай өңдеу зауыты қосылған.

Ағымдағы жылы мұнай және газ конденсатын есепке алудың ақпараттық жүйесін өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жоспарланған, - деді Энергетика министрі.

Ақпараттық жүйеге Қазақстандағы мұнай мен газ конденсатын жалпы өндіру мен өңдеудің 60%-ынан астамын жүзеге асыратын компаниялар енгізіледі.

Елімізде былтыр 85,7 млн тонна мұнай өндірілген. Ал биылғы жылдың жоспарына сәйкес ол 85,3 млн тоннаны құрап отыр. 

2020 жылы мұнай өңдеу 15,8 млн тоннаға жеткен. 2021 жылға жоспарға сәйкес 17 млн тонна болады деп күтілуде.

Өткен жылы мұнай өнімдерін өндіру 11,5 млн тоннаны көрсетті. Ал 2021 жылы Қазақстанда 12,4 млн тонна мұнай өнімдерін шығару жоспарда бар. Жоба бүгінгі таңда пилоттық режиммен іске қосылып отыр.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, Нұрлан Ноғаев жыл соңына дейін 140 мың адам газға қол жеткізетінін хабарлады.

Өзгелердің жаңалығы