#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

30 Маусым 2021, 17:41
7200
Бөлісу:
#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр
EX PHOTO
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Өткенсіз бүгін жоқ, бүгінсіз келешек жоқ. Соңғы отыз жылда әлемге Тәуелсіз Қазақстан ретінде танылған еліміздің тарихы ғасырлардан тамыр тартады. Бүгінгі Қазақстанның сәулет өнерін аспанмен астасқан ғимараттардан байқасақ, бір кездері ол сахарасының үнсіз күзетшісіндей болған балбал тастардан көрініс тапқан еді. Тәуелсіз Қазақстан пайдалы қазбаларымен ғана емес, топырақ астынан аршылып жатқан бай тарихымен де мақтана алады.

ҚР Ұлттық мұражайының көрме залдары кешегі тарихтың елеулі құндылығын көзбен көріп, сол дәуірдің рухын сезіндіретіндей екен. Өйткені мұнда орналасқан жәдігерлердің барлығы түпнұсқа. Тіл бітсе, сол жәдігерлер иесі жайлы да, қазақ даласының киесі жайлы да бізге белгісіз талай сыр шертер ме еді?! Ал әзірге белгілі сырмен таныса отырыңыздар...
Дала күзетшілері

Еуразия далаларының көшпелілері түрік мемлекеттерінің кең территориясында көптеген мүсіндерді мұра етіп қалдырды. Балбалдар деп аталатын тас мүсіндер Моңғолияның шығысынан Эльба алқабына дейін кең таралған. Мүсіндердің басым бөлігі VI-VIII ғасырларға жатады.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Бұл мүсіндер о дүниеге аттанған ата-бабаларды бейнелеген, әр мүсіннің жеке ерекшеліктері бар. Ежелгі түрік мүсіндері бет пішінінде монғолоидтық белгілер байқалады, ұзын тік мұрындары, сәл қиғаш көздері және иілген мұрттары бар дөңгелек бет көрсетілген. Қасы мен мұрны бірыңғай үздіксіз сызықпен берілген.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Балбалдар пішіні, композициясы және орындау шеберлігімен ерекшеленеді. Барлық мүсіндердің ішінен екі негізгі типті ажыратуға болады: біріншісі, қарапайым азаматтардың жерлеу құрылымдарында жиі кездесетін тас стеллалар түріндегі қарапайым мүсіндер. Екіншісі, Қаған мемориалдық кешендерінен табылған көлемді реалистік, егжей-тегжейлі бейнеленген мүсіндер. Түрік ескерткіштерінің мүсіндік бейнелерінің басым бөлігі адамдардың толық бойы көрсетілген қалыпта жасалған, дегенмен кейбір мүсіндерде дененің тек басы немесе жоғарғы бөлігі бейнеленген.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Мұражайдың балбал тастарға арналған көрме залының төрінде Күлтегін ескерткішінің көшірмесі орналасқан. Бұл тас көшірме болғанымен, түпнұсқаның дәлме-дәл көшірмесі. Жапонияда арнайы тапсырыспен жасалған. Орхон-Енисей жазуына жататын маңыздылығы жағынан баға жетпес құнды дүние.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Бізге жеткен Түркi тарихы да осы VII-VIII ғасырларда жазылған Орхон-Енисей жазба ескерткіштері арқылы белгiлi болды. Ескерткiш бiр заманда түркiлер мекендеген Енесей өзенiнiң бойы мен қазiргi моңғол Халық Республикасының астанасы Улан-Батордың батысындағы 400 километр жердегi Орхон өзенi бойындағы Кошо-Цайдам ойпатында орналасқан.

Ескерткіштің негізгі бетінде 40 жол жазу бар, ол ескерткіштің сол жақ бетіндегі 13 жол жазудың жалғасы. Түркологиялық әдебиеттерде ескерткіштегі 40 жол «Үлкен жазу», ал 13 жол жазу «Кіші жазу» деп аталады.

Ескерткiш негiзiнен табғаш (Қытай) және көне түркi жазуымен толтырылған. Ескерткiш бетiндегi Қытай жазуы 732 жылы Қытай императоры Хусен-Цунг тарапынан бедерленген. Мұнда қытайша ескерткiштiң қысқаша мәнi айтылған. Қытай жазуы алғаш орысша, французша, содан кейiн немiс, ағылшын және кейiнгi кездерi түрiк тiлдерiне аударылды. Жазудын үстiнде қытайша бiр сөйлем бар, онда «Марқұм Күлтегiн жазуы» делінген.

Қойнауда қалған тарих

Ұлы даланың ежелгі өнері және технологиясы залының бір бөлігі атақты Берел қорымынан табылған жәдігерлерге арналған. Берел обалары Қазақ Алтайының табиғаты көркем таулы аймағында орналасқан. Мұнда 1997-1999 жж. З. Самашевтың жетекшілігімен халықаралық археологиялық экспедиция зерттеу жұмысын жүргізген.

Зерттеу тобы қазба жұмыстары барысында текті әрі билеуші лауазымды тұлға мен әйел адамның жерлеу қабірін ашқанда, мәйітпен бірге жерленген салтанатты ат әбзелдері түгел жарақталған он үш жирен сарғыш түстегі жылқы табылған. Ат әбзелдерінің қайысты өмілдірік, құйысқан тартпалары мен тоқымдары скиф-сібірлік аң нақышында безендірілген. Жерлеу орны б.з.д. IV-III ғғ. жатады.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Ең ірі қорғанда жоғары мәртебелі ер адам мен әйел адамның денесі ағаш табытта жерленген. Жанында 13 жылқы орналасқан. 

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Көсемнің он үш жылқысының маңдайынан шоқпар тәріздес құралмен өлтіріп, екі қабатты қимада жерлеген. Жеті жылқы қойылған қиманың төменгі қабаты жоғары қабаттан қайың қабығы және бұтамен бөлінген. Жирен түсті жылқылардың басы шығыс бөлікке қаратып жерленген. Мәңгі тоң қабатының қалыптасуының арқасында жылқылардың органикалық дүниесі, ат әбзелдері, жұқа маталар шірімей сақталған. Ат әбзелдерінің әшекей бұйымдары ағаштан жасалып алтын фольгамен қапталған.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Жылқыны мүйізді етіп көрсету, оның иесінің құдыретке ие екендігін аңғартқан. Қазақстанда бүгінде ең көне саналатын ерекше безендірілген тоқым табылған. Тоқымның ерекшелігі сол, жыртқыштың түкті терісімен қапталып, оған киізден оюлап бастырған әшекейі, тұяқты жануарды қиял-ғажайып жыртқыштың жәукемдеуі бейнесінде берілген.

Қапсырма, сулық, салпыншақтар мен бау-таспаларды таратушы айылбастар, барлық әбзелдер бір жақ бетімен өрнектеліп, оны жұқа алтын немесе жұқа қалайымен қаптап, артқы жағындағы ойықтар арқылы ат әбзеліне бекітілген.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Ат әбзелдерінің әшекей бұйымдары ағаштан жасалып алтын фольгамен қапталған. Әшекей бұйымдарында мысықтұқымдас жануарлардың, тауешкілер мен бұғылардың, жыртқыш құстардың қиял-ғажайып жануарлар - грифондардың бейнесі кездеседі. Қазіргі уақытта Берел қорымы Қазақстанда мәңгі тоң қабатынан табылған жалғыз ескерткіш болып табылады.

Ерекше ханшайым

Қазақстандық археологтар 2013 жылы мамыр айында Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Таскескен-Бақты автожолын қалпына келтіру кезінде оның аймағында қалған обалардың бірінен таң қаларлық олжа тапты. Оба үйіндісі астындағы тас табыттан 1,7 м тереңдіктегі үлкен мәрмәр тас тақтаның астынан ақсүйек текті әйелдің сүйектері табылды. Үржар ханшайымы б.з.д. IV-III ғғ. жатады.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Қабір шүңқырынан қыш және ағаш ыдыстар мен құрбандыққа шалынған малдың-қойдың сүйектері шықты. Адам қаңқасының сүйектерінде көк және жасыл түсті киімнің мата қалдықтары сақталған. Киімі жүннен жасалған. Қаңқаның бас жағынан алтын сырға мен ғұрыптық тас табылды. Айтарлықтай құнды заттарға өсімдікті мәнермен және зооморфты өрнектермен әшекейленген шошақты сүйір алтын бас киімді жатқызуға болады. Бас киімнің оқ тәрізді ұшы алтын сымдармен шиыршықталып әшекейленіп аяқталған. Пішіні мен өрнектердің орындалуы бойынша бұйым қазақ әйелдерінің халықтық бас киімі - сәукелені еске түсіреді.

Бұл әшекейлер басқалардан өзгерек

2003 жылы Шығыс Қазақстан, Шілікті жазығындағы сақ патшасы обалары Әбдеш Төлеубаевтың басамасымен зерттеле бастады. Шіліктінің «Бәйге төбе» деп аталатын үлкен обасынан 4 303 алтын әшекей түймешелер табылған. Оба б.з.д. VIII-VII ғғ. мерзімделеді. Бұйымдар арқар, таутеке, бұғы, бүркіт, мысық тұқымдас жыртқыштың бет бейнесі, қасқыр, аю бейнелерінде жасалған.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Сақ дәуіріне жататын өзге де обалардан табылған көптеген әшекейлерден Шілікті әшекейлерінің айырмашылығы құйма техникасында орындалып, жоғарғы сынамалы алтыннан жасалғанында (940-970 сынама). 

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Әбдеш Төлеубаев Қазақстанның Геология институтының түсті металдар бөлімінің меңгерушісі, профессор Т. Жәутіковке осы маңайдағы көне кеніштердің алтынын, өзеннен шығатын шайма алтынды зерттете отырып, «Бәйге төбе» алтындары шикізатының ешбір сырттан әкелінбегенін дәлелдетті.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр
Қазақ даласындағы импорт

Еуразия кеңістігіндегі көшпелілер мен отырықшы халықтардың арасындағы мәдени және сауда қарым-қатынастарының қалыптасқанын қазақ даласында табылған құнды Шығыс пен Батыстың ежелгі өнерінің жауһарларынан байқауға болады.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Біздің бабаларымыз ат әбзелдерімен қатар қару-жарағын да безендірген. Мұнда қиял ғажайып жаратылыс – Сатира бейнесімен безендірілген қылыштың ұштығы ұсынылған. Қылыштың халцедоннан жасалған ұштығына қалыпталған алтын жапсырма әшекей бекітілген. Әшекейде жартылай адам, жартылай арыстан бейнесіндегі жаратылыстың бас бөлігі бедерленген. Әшекейдің жиегіне пастадан дөңгелек етіп жасалып ұяшықтарға орналастырылған көздер бекітілген, оның сырты түйіршіктермен безендірілген. Осындай көздермен кейіпкердің маңдай және бет бөліктері безендірілген.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Батыстан және Шығыстан келген монеталардың табылуы қазақ даласындағы сауда қатынастарының деңгейін көрсетеді. Монеталарды адамдар тек бір мақсатта ғана пайдаланған жоқ, оларды әшекей бұйымдары ретінде және құдай жолында құрбандық ретінде де қолданған. Еуразияның далалық өңірлерінен адамдар соғыс кезінде, түрлі індеттер және дағдарыстар кезінде тығып қойған монеталар көптеп табылған. Табылған монеталар ежелгі мемлекеттер мен халықтар арасындағы экономикалық деңгейдің жоғары болғандығын көрсетеді. Көрме экспозициясына көне рим кезеңінің (Византия мемлекеті) және ежелгі қытай мемлекетінің монеталары қойылған.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Археологиялық материалдар бойынша ежелгі уақыттағы саудадағы маңызды материалдардың бірі моншақтар болған. Моншақтар теңіз жәндіктерінен, қымбат тастардан және минералдардан жасалған, олар қазіргі Қазақстан территориясына Үндістан, Қытай, Балтық теңізі жағалауынан сонау неолит дәуірінен бері келіп түсіп отырған. Ежелгі Әлемдегі адамдар моншақтармен киімдерін безендіріп қана қойған жоқ, сонымен қатар үлкен кеңістікте олардың көмегімен сауда айырбастарын жүргізген болуы мүмкін.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Тәуелсіздіктің бір жетістігі

Тәуелсіз Қазақстан тарихына арналған залда 1993 жылғы 15 қарашада қабылданған «Қазақстан Республикасының ұлттық валютасын енгізу туралы» Жарлық, 1993 жылғы үлгідегі алғашқы банкноттар мен тиындар, мерейтойлық күндерге арналған коллекциялық тиындар қойылған.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

Сонымен қатар витринада республиканың 1995 жылы «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары туралы» қабылданған заңына сәйкес қалыптасқан Қазақстан Республикасының Мемлекеттік наградалары: жоғарғы ерекшелік дәрежесі – «Алтын Қыран» ордені, «Халық Қаһарманы», «Қазақстанның Еңбек Ері» атақтары, сондай-ақ басқа да ордендер, медальдар, құрметті атақтар және Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасы қойылған.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр
Жер мен көкті жалғаған...

Тәуелсіз Қазақстанны орасан жетістігі ғарыш саласымен тікелей байланысты. Мұражайда Қазақстанның алғашқы «KazSat» ғарыштық байланыс жүйесінің макетін де мұражайдың залынан көруге болады. Әлемнің көптеген елдері үшін әлі күнге қол жетпес арман болып отырған жасанды жер серігі біздің елде бар екенін атап өткен жөн. KazSat ғарыштық жабдығы 2006 жылдың маусымның 18-інде Байқоңыр айлағынан Ресей және Қазақстан президенттерінің қатысуымен ұшырылды.

KazSat-тың ұшырылуынан бастап Қазақстанның ғарыштық бағдарламаларын іске асыру басталады.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

KazSat Жер серігі 72 MHz өткізгіштік жолағымен 40 W және 90 W Ku-диапазонындағы 12 транспондерлермен жабдықталған. Жер серігінің қамту аймағы Қазақстанның аумағын, Орталық Азия республикаларын, Кавказды, Ресейдің орталық бөлігін қамтиды.

Сонымен қатар залда еліміздің алғашқы ғарышкерлерінің бірі Талғат Мұсабаевтың ғарыш кеңісітігіне киген ғарыш костюмі де қойылған.

#Тәуелсіздік30. Жәдігерлер шерткен сыр

1994 жылдың 1 шілде күні тәуелсіз Қазақстан Республикасының алғашқы ғарышкері Талғат Амангелдіұлы Мұсабаев «Байқоңыр» ғарыш айлағынан «Союз ТМ-19» ғарыш аппаратымен «Мир» ғарыш станциясына ұшып барады. Талғат Мұсабаев осыдан кейін тағы да екі рет ғарышқа ұшып, Халықаралық ғарыш станциясының бортында да қызмет етеді. Жалпы 341 тәулік 09 сағат 46 минутты ғарышта өткізген Талғат Мұсабаев оның 43 сағат 46 минутын ашық космоста өткізеді. Ашық космосқа шыққан алғашқы қазақ – Талғат Мұсабаев.

Өзгелердің жаңалығы