Все новости за 24 сәуір 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ауыр атлет Артем Антропов Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
ШҚО-да екі күнде 3533 адам жол ережесін бұзған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында екі күнде жол қозғалысы ережесін бұзудың 3533 жағдайы анықталды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
-
Қызылорда облысында балық өсіру көлемі 16 мың тоннаға жетеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қызылорда облысында балық саласын дамытуға потенциал жоғары. Жергілікті сала өкілдері Балық шаруашылығын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы аясында балық өсіру көлемін арттыруға дайын екендерін жеткізді.
-
Қарулы адам жауапкершіліктен құтылу үшін басын өлімге тікті – Алматы полициясы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы ПД-ті бастығының орынбасары Рустам Әбдірахманов шұғыл өткен брифингте «Бұқар Жырау Тауэрс» тұрғын үй кешеніндегі қарулы адамды ұстау операциясы жайлы баяндады.
-
Шымкентте арендалық тұрғын үй құрылысы қашан аяқталатыны анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталықтағы 56 пәтерлі 9 қабатты үйдің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы қарқынды жүріп жатыр.
-
Министр: Оқуға түсу үшін көпбалалы, толық емес отбасылардан шыққан балалар үшін жаңа квоталар енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Президенттің көмекшісі Ерлан Қариннің ұйымдастыруымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесі мүшелерімен онлайн кездесу өтті. Бұл туралы Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов facebook-тегі парақшасына жазды.
-
Алматыдағы атыс. Оқ атқан ер адам терезеден секіріп кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда оқ атқан ер адам терезені сындырып, секіріп кетті, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
-
Алтай Көлгінов елорданың дамуы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер салынса, биыл бұл көрсеткішті 10 мыңға дейін жеткізу жоспарланып отырғанын мәлім етті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
Саясаттанушы Дастан Қадыржанов дүниеден өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық саясаттанушы және публицист Дастан Қадыржанов қайтыс болды. Бұл туралы Президенттің көмекшісі Ерлан Қарин facebook-тегі парақшасында жазды.
-
Ақтөбеліктер 3 күнінде өз еркімен 48 қару тапсырды
Алматы, BAQ.KZ. 20 сәуірден бастап Ақтөбе облысының аумағында халықтан заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алу бойынша жыл сайынғы республикалық акция жүргізіліп жатыр.
-
ШҚО тұрғыны ҰОС кезінде пайдаланылған тапаншаны полицияға тапсырды
Алматы, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан тұрғыны полицияға Ұлы Отан соғысы кезінде пайдаланылған тапаншаны тапсырды. Бұл туралы ШҚО ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Солтүстіктің фермерлері гидропониканы игере бастады
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Ақжар ауданындағы шаруашылықтың басшысы Марат Шәпенов арпаны топырақсыз өсіріп, экологиялық таза әрі құнарлы өнім өндіруге кірісті.
-
Алматы полициясы «Бұқар Жырау Тауэрс» кешеніндегі қарулы адаммен келіссөз жүргізуде
Алматы, BAQ.KZ. Алматы полициясы күзетшіні жаралаған қарулы адамды ұстауға әрекет жасап жатқандарын мәлімдеді.
-
Алматыдағы атыс. Күзетшіге оқ атылған сәттің видеосы пайда болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Интернетте Алматыда күзетшіні қарулы адам жарақаттаған сәттегі видеосы пайда болды.
-
Жас өнертапқыштар тетрақаптамадан сұйық түсқағаз жасау жолын ойлап тапты
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары Аида Тегумбаева мен Аружан Мәмбетова пайдаланылған тетрақапшықтарды қайта өңдеу бойынша инновациялық жоба ұсынып отыр.
-
Түркістандық ақсақалдар «Қапшағай» су қоймасының жағдайына алаңдаулы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бәйдібек ауданы үшін «Қапшағай» су қоймасының маңызы зор. Тіршілікке нәр берген нысан суын бүкіл аудан жұрты тұтынады. Алайда жергілікті жұрт стратегиялық маңызы бар нысанның біраз жылдан бері жөндеу көрмегеніне алаңдаулы.
-
Түркістанда белгісіз біреулер оқ атты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанда белгісіз біреулер көшеде травматикалық қарудан оқ атқан. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алып, әлеуметтік желіге салып жіберген.
-
Шымкентте денсаулық, білім беру саласында бәсеке жоғары екен – Меруерт Есембаева
Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасының төртінші бағыты – еңбек ресурстарының ұтымдылығын арттыру аясында еліміздің оңтүстігінен солтүстік өңірлерге тұрғындарды көшіруді насихаттау жұмыстары жалғасып жатыр. Солтүстік өңірлердік әкімдік қызметкерлері оңтүстік өңірлерге, соның ішінде Шымкентке де келіп, жергілікті жұртшылықпен кездесіп, үгіт-насихат жүргізді. «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру барысын баяндады. Осы орайда Павлодар облысы Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының көші-қон бөлімі басшысы Меруерт Есембаевамен сұхбаттасып, солтүстік өңірлерде қай сала мамандары тапшы, көшіп барушыларға қандай жағдай жасалатынын білдік.
-
Бұхар Жырау Тауэрстегі атыс: Куәгерлер көргенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұхар Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінде күзетшіге оқ отқан ер адамның көршісі оқыс оқиғаға қатысты ақпаратпен бөлісті.
-
Павлодар облысында «Таза табиғат» экологиялық акциясы өтуде
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде «Таза табиғат» ұлттық жобасы аясында бірнеше экологиялық акция өтуде. Нақтырақ айтқанда, «Менің мекенім - жасыл орман», «Таза су айдындары» шаралары қолға алынған.
-
2025 жылға дейін Аралдың құрғаған табанына 213 мың гектар сексеуіл егілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда Арал теңізінің құрғаған табанында сексеуіл егу бағдарламасы қабылданады.
-
Жер комиссиясының құрылуы қордаланған мәселелерді шешуге мүмкіндік берді – Әли Бектаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссия бір ай көлемінде жұмыс істеп, аптасына бір рет өзінің отырысын өткізе отырып көптеген қордаланған мәселені шешті.
-
Павлодар облысында шыбын-шіркеймен күреске 1,5 млрд теңге бөлінеді
Павлодaр, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде шыбын-шіркеймен күрес жұмыстарына дайындық басталды. Қaзір ғылыми топ өкілдері жақын маңдағы су тоғандарында бақылау жүргізуде.
-
Алматы облысында шектеу шаралары енгізілді
Алматы, BAQ.KZ. Алматы облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Ерғали Сыдымановтың шектеу шаралары мен «Ashyq» жобасын енгізі жөніндегі жаңа қаулысы шықты.
-
Алматыда Бұхар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешені күзетшісін атып кетті
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда белгісіз ер адам Бұхар-Жырау Тауэрс тұрғын үй кешені күзетшісін атып кетті.
-
Биыл Петропавл қаласында 7 саябақ ашылады
Солтүстік Қазақстан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл жайында жалпықалалық сенбілікке шыққан Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Құмар Ақсақалов айтты. Облыс орталығын абаттандыру жұмыстары биыл да жалғасын табады.
-
Қызылордада 23 мыңға жуық тал көшеті отырғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Тағзым» мемориалында бірқатар ел ағасы және ардагермен бірге қала әкімі Ғанибек Қазантаев тал көшеттерін отырғызды, деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Түркістан облысында «Сарқырама» су қоймасы салынады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысы Бәйдібек ауданында «Сарқырама» су қоймасы салынады. Жаңа жобаның құрылысы Ақбастау ауылдық округі аумағынан өтетін Бөген өзені бойынан жүргізіледі.
-
Ресейдегі халықаралық турнирде төрт боксшы финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық төрт боксшы Санкт-Петербургте бокстан халықаралық турнирдің финалына шықты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Экология министрі Қамбаш көлі мен Көкарал бөгетінің жағдайымен танысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Қамбаш көлі мен Көкарал бөгетінің жағдайымен танысты.
-
Жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторий тағы 5 жылға ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторийді тағы 5 жылға ұзарту шешімі қабылданды.
-
Зимбабведе әскери тікұшақ үйге құлады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зимбабведе әскери тікұшақ үйге құлап, үш ұшқыш пен бір бала қаза тапты, деп жазды «Хабар 24».
-
Жерді 49 жылға жалға беру аз уақыт емес – Расул Жұмалы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Саясаттанушы Расул Жұмалы Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында жерді жалға беру мәселесін әлі де тиянақтау қажеттігін айтты.
-
Қостанай облысында салық түсімі жоспардан асты
Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қазынаға түскен кіріс көлемі карантинге қарамастан көбейген. Мұны Қостанай бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы өкілдері келтірген деректерден көруге болады.
-
Мамин елорданың туристік кешенінің құрылыс алаңына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана – жаңа қала» АЭА аумағындағы («Барыс Арена» мұзайдын сарайының батыс жағындағы) көпфункционалды туристік ауданның құрылыс барысын тексерді, деп хабарлады Үкіметтің ресми сайты.
-
Отпен ойнап, бірдеңені ушықтырып алмайық – Бекболат Тілеухан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламентінің депутаты Бекболат Тілеухан Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында жер сату мәселесіне түбегейлі қарсы екенін айтты.
-
Ақтөбе полицейлері такси жүргізушісін өлтіргендерді ұстады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде екі ер адам такси жүргізушісін өлтіріп, оның көлігімен бірнеше жол-көлік апатын жасаған, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Қазақстандықтарда сенім жоқ кезде жер сату мәселесін шешу мүмкін емес – Айдос Сарым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Парламентінің депутаты Айдос Сарым Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында жер төңірегінде мәселе көп екенін айтты.
-
Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тізбегі талқыланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ ҚР Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі бойынша кеңес бейнеконференцбайланыс режимінде өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
-
Елордада Уәлиханов көшесіндегі учаске 25 сәуірге дейін жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ш.Уәлиханов көшесі Ж.Тархан көшесінен Ағыбай батыр көшесіне дейінгі учаскеде нөсер кәрізін жалпы қалалық желіге қосу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты 2021 жылдың 25 сәуірі сағат 06.00-ге дейін жабылады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Жерді жеке меншікке беру туралы мораторийді тағы 5-7 жылға созу керек – заңгер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында заңгер Бақытжан Базарбек жерді сату жөніндегі мораторийді тағы бірнеше жылға соза тұруды ұсынды.
-
Қанша қазақстандық КВИ-ға қарсы екпе алды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі 24 сәуір күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпарат жариялады.
-
Жерге тауар ретінде қарауға болмайды – Мұхтар Тайжан
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан жерді жеке меншікке бермей-ақ ауыл шаруашылығын дамытуға болатынын айтты.
-
Қазақстандықтарда жерді сатып алу және жалға алу құқығы болуы тиіс - министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында айтты.
-
«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Киелі табиғат» республикалық жастар акциясының ашылу рәсіміне қатысты. Жобаға еліміздің барлық аймақтарынан жастар ұйымдарының өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.
-
Вакцинаға қатысты тағы бір жалған ақпарат тарады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Telegram-чаттарда COVID-19 қарсы қытайлық Sinovac вакцинасын қазақстандық әзірлеме ретінде ұсынады деген пікір талқылануда.
-
Климат мәселелері бойынша Орталық Азияның Аймақтық хабын құру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мұндай ұсынысты АҚШ Президентінің климат бойынша арнайы өкілімен өткен Климат бойынша көшбасшылар Саммиті аясындағы дөңгелек үстел кезінде айтты.
-
Жер кадастырының ашықтығын қамтамасыз ететін заң Парламентке ұсынылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында комиссия мүшелері екі заң нормасын Парламентке ұсыну жөнінде шешім қабылдады.
-
Ақтоты Райымқұлова Мария Əуезованы қабылдады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мəдениет жəне спорт министрі Ақтоты Райымқұлова жер бетіндегі ең биік тау жүйесі Гималайдағы Пумори тауының оңтүстік шыңы Кала-Патхарды бағындырған əуесқой альпинист, елордалық Мария Əуезованы қабылдады.
-
Аграрлық бизнес ашқысы келетіндер жерді латифундистерден емес, мемлекеттен алу қажет - Күрішбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында айтты.
-
Күрішбаев ауылшарушылығы мақсатындағы жерлер ешкімге сатылмауы қажеттігін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сенат депутаты Ақылбек Күрішбаев Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында айтты.
-
COVID-19. Еліміздің 10 өңірі «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы COVID-19-дың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Төтенше жағдайлар министрі өртке оранған пәтерден бала құтқарған жігітті марапаттады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Ақылбек Қыпшақбаевқа көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін алғыс айтты.
-
Елде телерадио хабарларын тарату уақытша тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 27 сәуір айында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.
-
Коронавирус белгілері бар пневмонияның 93 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 24 сәуірдегі жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
24 адам коронавирустан көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 24 сәуірдегі ақпаратты жариялады.
-
Елордада демалыс күндері вакцина қабылдауға болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы бірнеше ірі сауда орталықтарының есігі екпе аламын деушілерге ашық, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
2585 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2585 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 2837 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2837 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Қызылжарда 9 мың азамат қоғамдық көлікте тегін жүре алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тегін жол жүру түріндегі жеңілдікті азаматтардың 12 санаты алады. Мұндай шешімді VII шақырылған Петропавл қалалық мәслихатының кезектен тыс сессиясында депутаттар қабылдады, деп хабарлайды 7152.kz.
-
Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылды. Оқиғадан зардап шеккендер болған жоқ
-
Елімізде әрбір екінші адам мүлде кітап оқымайды – зерттеу
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде екі тұрғынның бірі мүлдем кітап оқымайды. Президент жанындағы Стратегиялық зерттеулер институты осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
-
Алты облыста дауылды ескерту жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің алты облысында дауылды ескерту жарияланды.
-
Алматыда суицид жасамақ болған әйел құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматының патрульдік полициясы суицидтің алдын алды, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан қанша қаржы алды – БЖЗҚ жауабы
Бірыңғай жинақтақтаушы зейнетақы қорынан қазақстандықтардың шотына бір триллионнан астам теңге аударылған. Салымшылардың басым бөлігі зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін алған, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.
-
«Бұл рэп қой»: Димаш тыңдармандарын тағы да таң қалдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2 сәуірде барлық цифрлық музыкалық платформаларда Димаш алғаш рет «Dimash Digital Show» онлайн-концертінде орындаған «Be With Me» композициясының студиялық нұсқасы шықты.
-
Нұр-Сұлтанда карантиндік шектеулер күшейтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың Бас мемлекеттік-санитарлық дәрігері карантиндік шектеу шараларын күшейту туралы қаулыға қол қойды.
-
Ресейде мамырдың алғашқы он күні демалыс болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресей президент Владимир Путин мамырдағы мерекелер арасындағы жұмыс күндерін демалыс қылу ұсынысына келісті, деп хабарлайды РИА Новости.
Наверх