Бұхар Жырау Тауэрстегі атыс: Куәгерлер көргенін айтты

24 Сәуір 2021, 19:02
1918
Бөлісу:
Бұхар Жырау Тауэрстегі атыс: Куәгерлер көргенін айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұхар Жырау Тауэрс тұрғын үй кешенінде күзетшіге оқ отқан ер адамның көршісі оқыс оқиғаға қатысты ақпаратпен бөлісті.

Бұл туралы zakon.kz хабарлады.

Оқ атқан ер адамның астынғы қабатында тұратын көршісінің айтуынша, ол төбедегі пәтерден түрлі дыбыстар естіп, не екенін түсінбеген. 

Бұхар Жырау Тауэрстегі атыс: Куәгерлер көргенін айтты

Сосын менің есігімді қағып, эвакуация басталғанын айтты. Басында бұл оқу-жаттығу эвакуациясы деп ойладым. Кейіннен көршім күзетшінің аяғына оқ атқанын естідім, - деді ол.

Ол бүгінгі жанжал подъездердегі дивандардан басталғанын айтты. Ол оқ отқан адамға тиесілі екен.

Бұл дивандар подъезде жарты жылдай уақыт тұрды. Сосын КСК қанша рет алып тастауды сұрап, ақыр соңында далаға шығарып тастады. Бұны көрген көрші ашуланып кетіпті. Мен өзім көрмедім. Бірақ көршілердің сөзінше, ол күзетшінің будкасына барып, одан рациясын сұрап, КСК басшысымен сөйлестіруді талап еткен. Күзетші бас тартқан кезде, ол оның аяғына атып жіберген. Оқыс оқиғаның куәсі болғандар жедел жәрдем шақыртыпты, - деп атап өтті ол.

Ер адам қаруын паркингке тастай салып, пәтеріне қарай қашыпты.

Алайда бұл оның жалғыз қаруы емес сияқты. Себебі ол пәтерінен оқ ата бастады. Ер адам 17 қабатта жалғыз тұратын, - деді көршісі. 

КСК басшысы болса, жанжалдың дивандармен байланысты екенін жоққа шығарды.

Иә, дивандар тұратын. Бірақ оған ешкім тиіспеді. Басқа ештеңе айта алмаймын, - деп қысқа қайырды ол.

Өзгелердің жаңалығы