«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева

24 Сәуір 2021, 11:28
2463
Бөлісу:
«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева
PHOTO
Фото: BAQ.KZ

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева «Киелі табиғат» республикалық жастар акциясының ашылу рәсіміне қатысты. Жобаға еліміздің барлық аймақтарынан жастар ұйымдарының өкілдері қатысады деп жоспарланып отыр.

Нұр-Сұлтандағы Ботаникалық бағында барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалардың қатаң сақталуымен өткен ацияның басталу рәсіміне  «Жас Ұлан», «Жасыл Ел» жастар ұйымдарының көшбасшылары, сондай-ақ астананың білім беру мекемелерінің жас белсенділері қатысты.

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева


 

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева


 

 

Халқымыз үшін «тазалық» деген – киелі ұғым. Табиғатты аялау мен құрметтеу – халқымыздың қанында бар қасиет. Ата-бабаларымыз жас ұрпақты да «Бұлақтың көзін аш», «Көк шыбықты сындырма», «Өзенді ластама» деп өсірген. Алдыңғы буын үлкендеріміз – біздің үнемі осылай тазалыққа тәрбиеледі. Енді осы жақсы дәстүр сабақтастығын үзіп алмай, біз де әрі қарай жалғауымыз қажет деп санаймын,  — деді  Аида Балаева.
 

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева



 

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева


 

 

Оның айтуынша болашақ ұрпақтың қалпы бүгін қоршаған ортаға қаншалықты ұқыпты қарап отырғанымызға байланысты екендігіне, сондықтан  экологиялық сауат ашу - жаңа ұрпақ тәрбиесінің маңызды бөлігі болып табылады. Министр табиғатқа деген қамқорлық қасиеттерді «Киелі Табиғат» секілді экологиялық акцияларда көрсетуге болады деп сенеді.

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева


 

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева


 

Экологиялық ағарту жұмыстарына «Жасыл Ел» жастар еңбек жасақтары республикалық штабының 30 мыңнан астам мүшелері тартылатын болады. Бүгінгі акция арқылы Қазақстан жастарын   табиғатты аялауға, оны таза ұстауға шақырамын!, — деді Аида Балаева. 

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева

Атап айтсақ, 25 сәуір мен 25 мамыр аралығында бүкіл ел аумағында экологиялық айлық жалғасатын болады. Оның аясында барлық өңірде жастардың қатысуымен – өзен арналарын тазарту, аулаларды тазалау, ағаш егіп, гүл отырғызу жұмыстары жүргізіледі.

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева



Сонымен бірге, Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың өскелең ұрпаққа экологиялық білім берудің тиімді әдістерін жүзеге асыру жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында БҰҰ-ның экономикалық және әлеуметтік кеңесінің жастар форумында А.Балаева БҰҰ елдерінің жастарын «Таза планета» атты акциясын осы жылы іске асыруға шақырғанын еске саламыз. Бүгінгі «Киелі Табиғат» іс-шарасында министр «Таза планета» акциясы миллиондаған серіктестерді тартады деген үмітін білдірді.

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева



«Киелі Табиғат» жобасы аясында барлық аймақтарда эко-қозғалыстар құрылып, жастар арасында экологиялық мәдениет құндылықтарын насихаттау жоспарлануда. «Киелі Табиғат» ұйымдастырушылары жас қазақстандықтар арасында ауқымды ақпараттық-түсіндіру сүйемелдеумен практикалық жұмыстарды жүргізеді.

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева


 

Әлеуметтанулық зерттеулер қазіргі кезде экологиялық мәдениет пен экотренд қазақстандық жастардың TOП-5 құндылық критерилеріне кіріп отырғандығын көрсетіп тұр. 

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева


 

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева


 

«Киелі Табиғат» жобасы осы оң тенденцияны нығайтуды және дамытуды көздейді.

«Киелі табиғат» жобасы ел жастарының экологиялық сауатын көтеруді көздейді - Балаева


 

Фото: Раушан Асқарқызы

Өзгелердің жаңалығы