Климат мәселелері бойынша Орталық Азияның Аймақтық хабын құру ұсынылды

24 Сәуір 2021, 11:05
2899
Бөлісу:
Климат мәселелері бойынша Орталық Азияның Аймақтық хабын құру ұсынылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев мұндай ұсынысты АҚШ Президентінің климат бойынша арнайы өкілімен өткен Климат бойынша көшбасшылар Саммиті аясындағы дөңгелек үстел кезінде айтты. 

Бұл жөнінде ол Twitter парақшасында хабарлады.
АҚШ Президентінің климат бойынша арнайы өкілімен өткен Климат бойынша көшбасшылар Саммиті аясындағы дөңгелек үстелге қатыстым. Еліміздегі көміректі бейтараптыққа жетуге бағытталған шаралар жөнінде айттым. Жаңа Экологиялық кодекстің нормалары неғұрлым әлсіз секторлардың климаттың өзгеруіне бейімделу үрдісіне жүзеге асыруға қолайлы жағдай туғызатынын атап өттім. Сонымен бірге еліміздің АҚШ-тың жасыл қаржыландыру гранттық бағдарламаларына қатысуға дайын екенін жеткіздім. Бұл елдің 2050 жылға дейін төменкөміртекті даму Тұжырымдамасына сәйкес терең декорбанизация бойынша неғұрлым жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін қажет. Аталған шаралар шығарындылар көлемін 71%-ға төмендетеді, - деп жазды ведомство басшысы.
Бұдан бөлек министр Қазақстан климаттың өзгеруі саласында ғаламдық күн тәртібін қолдауға әрқашан дайын екенін жеткізген. 

Жалпы Қазақстан ТМД бойынша Париж келісімін бірінші болып ратификациялады, сонымен қатар біздің еліміз Орта Азияда «жасыл экономика» бойынша көшбасшы саналады.  Сондықтан Қазақстанда климат мәселелері бойынша Орталық Азияның Аймақтық хабын құру туралы бастама көтердім. Хабтың жүмысы арқылы Орталық Азияда «жасыл» экономикалық өсімді қамтамасыз етіп, технологиялармен, білім және тәжірибемен алмасуға болады. Халықаралық қаржы институттарынан қолдау табуға мүмкіндік бар. Қазақстан климаттың өзгеруі саласында ғаламдық күн тәртібін қолдауға әрқашан дайын, - деп жазды министр.



Өзгелердің жаңалығы