Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылды

24 Сәуір 2021, 07:18
1078
Бөлісу:
Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Екібастұзда өрт шыққан пәтерден зейнеткер құтқарылды. Оқиғадан зардап шеккендер болған жоқ, деп хабарлайды Рavlodarnews.kz.

Облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, сағат 14.26 минутта №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің байланыс пунктінің пультіне Целинная көшесі, 25 А мекенжайы бойынша пәтердің жанып жатқаны туралы хабарлама түскен. 

Шақыру орнына жеткен өрт сөндірушілер пәтерден шыққан түтінді анықтады. Газ-түтіннен қорғау құралымен дереу пәтерге терезе арқылы кіру туралы шешім қабылданды. Жатын бөлмені барлау барысында  пәтердің иесі, 1960 жылы туған әйел  табылды, - деді №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі бастығының орынбасары  Жұмабай Кеңес. 
Терезе ойығы арқылы ішке енген өрт сөндірушілер пәтер иесін дереу таза ауаға шығарып, «103» қызметіне тапсырды.

Қонақ бөлмесінде жалпы ауданы 4 шаршы метр болатын заттар мен жиһаздардың  жанғаны анықталды.

Өзгелердің жаңалығы