Елордада демалыс күндері вакцина қабылдауға болады

24 Сәуір 2021, 08:43
1145
Бөлісу:
Елордада демалыс күндері вакцина қабылдауға болады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаладағы бірнеше ірі сауда орталықтарының есігі екпе аламын деушілерге ашық, деп хабарлайды «Хабар 24». 

Егу орталықтары бүгін және ертең, яғни, жексенбіде де жұмыс істейді. Халықты вакциналау таңертеңгі 08:00-ден түн ортасына дейін жалғасады. Азаматтардың қай медициналық мекемеге тіркелгені маңызды емес. Тек қолында жеке куәлігі болуы тиіс. Сауда орталығында коронавирусқа қарсы екпені тегін қабылдай аласыз.


Өзгелердің жаңалығы