Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар тізбегі талқыланды

24 Сәуір 2021, 13:25
1108
Бөлісу:
Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы  шаралар тізбегі талқыланды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ ҚР Қаржы министрлігінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес және қызметкерлердің тәртіптік жауапкершілігі бойынша кеңес бейнеконференцбайланыс режимінде өтті, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

ҚР Қаржы министрлігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылының негізгі бағыты- алдын алу шаралары. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайту және адами факторларды жою мақсатында цифрлық технологиялар енгізіліп, жұмыс процестері автоматтандырылуда. 2021 жылдың бірінші тоқсанының соңында қабылданған шаралардың арқасында министрлікте сотталған қызметкерлер саны әлдеқайда азайды.

Мақсатты жұмыстар әр бағытта жүргізілуде. Атап айтсақ, «Адалдық алаңы» жобасы жүзеге асырылды, мұнымен қоса іс жүзінде көлеңкелі экономиканы төмендету, бизнесті қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мақсатында Жол картасы іске асырылуда.

Жиынды өткізген ҚР ҚМ аппаратының басшысы Абзал Бейсенбекұлы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шараларын күшейтуді тапсырды.

Сыбайлас жемқорлыққа жол берген қызметкерлердің тәуекел тобын және министрлік қызметіндегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы жағдайды ерекше бақылауға алу қажет, - деп атап өтті Абзал Бейсенбекұлы.

Мемлекет басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту жөніндегі тапсырмаларын орындау мақсатында осындай қылмысқа барған ведомства қызметкерлерінің істері бойынша жеке-жеке тұрақты мониторинг жүргізілуде.

Пара алғаны үшін жазаланатын қызметкерлердің басшыларының жауапкершілігі де күшейеді.

Алдын алу мәселесі бойынша және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша қабылданған шаралар туралы кездесу барысында Қазынашылық комитеті төрағасының, аймақтық МКД басшылары мен Қаржы министрлігінің құзыретті департаменттерінің есептері тыңдалды.

             



Өзгелердің жаңалығы