Қазақстандықтар зейнетақы қорынан қанша қаржы алды – БЖЗҚ жауабы

24 Сәуір 2021, 03:17
1722
Бөлісу:
Қазақстандықтар зейнетақы қорынан қанша қаржы алды – БЖЗҚ жауабы

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірыңғай жинақтақтаушы зейнетақы қорынан қазақстандықтардың шотына бір триллионнан астам теңге аударылған. Салымшылардың басым бөлігі зейнетақы жинағын тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу үшін алған, деп хабарлайды БЖЗҚ баспасөз қызметі.

Бүгінгі күнге дейін салымшылардың тұрғын үй жағдайларын жақсарту үшін жинақтаған зейнетақы қаражатын пайдалану мақсатында 228 713 өтініші орындалды. Уәкілетті оператор – банктерде ашылған қазақстандықтардың арнайы шоттарына БЖЗҚ 1,13 трлн теңгеден астам қаржы аударды, - делінген БЖЗҚ хабарламасында.
Біржолғы зейнетақы төлемдерінің орташа сомасы шамамен 5 млн теңгені құрайды.

Уәкілетті операторлардан салымшылардың жеке зейнетақы шотына өтініш берушінің өтініші және өзге де себептер бойынша 93 млрд теңгеден астам сома қайтарылды, себебі, қазақстандықтар біржолғы зейнетақы төлемдерін белгіленген мерзімде пайдаланбаған.

Қаңтар айының соңынан бастап БЖЗҚ-ға тұрғын үй жағдайын жақсартуға 390 мыңға жуық өтініш түскен.

Ең көп орындалған өтініштер Маңғыстау облысының (17,7%), Алматы қаласының (16,8%), Нұр-Сұлтан қаласының (13,5%) тұрғындарынан жолданған, - делінген Қор хабарламасында.
Сондай-ақ қазақстандықтарды емдеуге 4,6 млрд теңгеге жуық қаражат аударылды, 4 834 өтініш орындалды, орташа сома 1 млн теңге зейнетақы жинақтарын құрайды. Сонымен қатар, салымшылардың (алушылардың) БЖЗҚ-дағы ЖЗШ-сына уәкілетті оператордан («Отбасы банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ) 713 млн теңге қайтарылды. БЖЗҚ-ға емделуге барлығы 7 290 өтініш келіп түскен.

Инвестициялық портфельді басқарушы 2,8 млрд теңгеден астам қаржы аударған. БЖЗҚ келіп түскен 1567 өтініштің 1230-ын орындады. Аударымның орташа сомасы шамамен 2,3 млн теңгені құрайды.

Өзгелердің жаңалығы