Ауыр атлет Артем Антропов Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

24 Сәуір 2021, 23:34
1332
Бөлісу:
Ауыр атлет Артем Антропов Азия чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ауыр атлетикадан Азия чемпионатында ерлер арасында 102 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде үздіктер анықталды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Құрлықтық біріншілік Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында өтіп жатыр. 

Бүгін, 24 сәуір күні аталған салмақ дәрежесінде Қазақстан сапынан Рахат Бекболат пен Артем Антропов қатысты.

Нәтижесінде, Артем Антропов қоссайыс нәтижесі бойынша 390 (168+222) келіні бағындырып, қола жүлдеге ие болды.

Ал 386 (173+213) келіні көтерген Рахат Бекболат жарыста бесінші болды. 

Өзгелердің жаңалығы