ШҚО-да екі күнде 3533 адам жол ережесін бұзған

24 Сәуір 2021, 23:07
1530
Бөлісу:
ШҚО-да екі күнде 3533 адам жол ережесін бұзған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да «Қауіпсіз жол» жедел алдын алу іс-шарасы аясында екі күнде жол қозғалысы ережесін бұзудың 3533 жағдайы анықталды, деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.

ПД баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, екі күн ішінде мас күйінде көлік жүргізгені үшін 32 жүргізуші ұсталды. Жолдың қарсы жолағына шыққаны үшін 21 жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Жылдамдықты асырғаны үшін – 208 адам, қауіпсіздік белдігін тақпағаны үшін – 500 адам, көлік басқару кезінде телефон пайдаланғаны үшін – 342 адам, көлік құралдарын басқару құқығы жоқ немесе одан айырылған 45 адам тіркелді. Сонымен қатар қоғамдық көліктің 40 жүргізушісі ережені сақтамаған.

21 сәуір күні сағат 21:00 шамасында Үржар ауылы көшелерінің бірінде «ВАЗ 2199» автокөлігі тоқтатылды. Тексеру көлікті тізгіндеген жігіттің кәмілетке толмағаны анықталды. Сонымен қатар тіркеу-мемлекеттік нөмірін тексеру кезінде полиция қызметкерлері автокөліктегі нөмірдің жалған екенін анықтады, – деді ШҚО ПД бастығы Сағат Мәдиев.

Көлік иесі және кәмелеттік жасқа толмаған баланың ата-анасы ҚР ӘҚБтК-нің 442-бабы 3-бөлігі, 590-бабы 3-бөлігі және 612-бабы 5-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, көлік арнайы тұраққа қойылды.

Өзгелердің жаңалығы