Шымкентте арендалық тұрғын үй құрылысы қашан аяқталатыны анықталды

24 Сәуір 2021, 22:25
2774
Бөлісу:
Шымкентте арендалық тұрғын үй құрылысы қашан аяқталатыны анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласындағы Әкімшілік іскерлік орталықтағы 56 пәтерлі 9 қабатты үйдің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы қарқынды жүріп жатыр. 

Шымкентте арендалық тұрғын үй құрылысы қашан аяқталатыны анықталды

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлауынша, қала әкімі Мұрат Әйтенов құрылыс жұмыстарының барысымен танысты. Мұндағы тұрғын үйлерді «Атамекен Корпорациясы» және «Югстройсервис-Н» ЖШС мердігер мекемелері салып жатыр. 

Шымкентте арендалық тұрғын үй құрылысы қашан аяқталатыны анықталды

№46, №47, №48 үйлердің құрылысы маусым айында, №41, №42, №43 үйлердің құрылысы қыркүйек айында аяқталады. 

1 бөлмелі  - 96 пәтер, 2 бөлмелі – 96, 3 бөлмелі – 144 пәтер бар. Аталған үйлер пәтер кезегінде тұрған азаматтарға арендалық негізде беріледі. 

Шымкентте арендалық тұрғын үй құрылысы қашан аяқталатыны анықталды

Шаһар басшысы тиісті сала басшысына мердігер мекемелердің жұмысты сапалы орындауын бақылауды, кемшіліктер орын алса, қайта қалыпқа келтірулерін тапсырды.  


Өзгелердің жаңалығы