Зимбабведе әскери тікұшақ үйге құлады

24 Сәуір 2021, 15:11
1555
Бөлісу:
Зимбабведе әскери тікұшақ үйге құлады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Зимбабведе әскери тікұшақ үйге құлап, үш ұшқыш пен бір бала қаза тапты, деп жазды «Хабар 24». 

Оқиға ел астанасы Харареден 30 шақырымдай жерде болды. Әскерилердің мәлімдеуінше, тікұшақ осы ауданда оқу-жаттығу жүргізіп жатып, радардан жоғалып кеткен. 

Кейін құтқарушылар Арктур деп аталатын елді мекеннің қасынан жанып жатқан ұшақты тапты.

Өзгелердің жаңалығы