Все новости за 21 наурыз 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елорда әкімі Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Астананың әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мейрамымен құттықтады.
-
Онколог ми ісігін айқындайтын жеті белгіні атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шетелдік онколог қарапайым адамға ми ісігін қалай анықтауға болатынын айтты.
-
Шымкенттің бір бөлігі жарықсыз қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 наурыз күні Абай ауданы аумағында орналасқан «Самал-3» 110/10кВА электр тарату қосалқы станциясында болған ақау салдарынан өрт шыққан.
-
Қарағандыда ата-әжелерге арналған орталық ашылды
Қарағанды, BAQ.KZ тілшісі. Қарағандының Майқұдығында қариялар мен жастарға, салауатты өмір салтын ұстанушыларға арналған орталық ашылды. «Мизам шуақ» аталатын орталықтың негізін қалаушы қарағандылық журналист Айсұлтан Жақыпов.
-
«Бірге таза Қазақстан» акциясы аясында 1,8 мың тоннадан астам қоқыс жиналды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Таза табиғат» ұлттық экологиялық жобасы аясында бірқатар өңірде аумақты қоқыстан тазарту бойынша «Бірге таза Қазақстан» акциясы өтті.
-
Шөкеев Turkistan арнасының ұжымын құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістанның төл телеарнасы - «Turkistan» Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында тұсауын кесті.
-
Алматының экобелсенділері қарағайлы орманға ағаш екті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Б.Момышұлы көшесі бойында орналасқан АвтоХҚКО жолында тұрған Алматы қаласындағы «Қарағайлы орман» аумағында кезекті ағаш отырғызу рәсімі өтті.
-
Отандық спортшы Үндістандағы Әлем кубогынан күміс медаль еншіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл күндері Үндістанның Нью-Дели қаласында нысана көздеу және стенд ату спортынан лицензиялық әлем кубогі кезеңі өтуде деп хабарлады Olympic.kz.
-
Спортшылар 80 жастағы ақсақалға ауласының қарын күреуге көмектесті
-
«Таза табиғат»: Қызылордада 20 мыңнан астам көшет отырғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен іске асырылып жатқан «Таза табиғат» ұлттық экологиялық жобасына Қызылорда тұрғындары да белсене қатысты.
-
Қорғаныс министрі қару-жарақ пен техника сақталған базаларды аралады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс ведомствосының басшысы жұмыс сапары барысында Алматы мен Гвардейск гарнизондарында орналасқан артиллериялық және бронды танк қару-жарағы сақталған базаларды тексерді.
-
АҚШ пен Еуропада шектеу шаралары жазда жойылуы мүмкін
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еуропа мен АҚШ-та коронавирусқа қатысты енгізілген шектеу шараларын жаздың соңында шешуге болады. Мұндай мерзімді америкалық Pfizer компаниясымен бірлесіп коронавирусқа қарсы вакцинаны өндіруші BioNTech компаниясың бас директоры Угур Шахин болжады.
-
«Таза табиғат» жобасы: Маңғыстауда 2500-ге жуық ағаш отырғызылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қаланы көгалдандыру жұмысы «Таза табиғат» жобасының «Мекенім - жасыл елім» атты республикалық акциясы аясында орындалып жатыр.
-
Атырауда жол апатынан белгілі актриса опат болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Театр актрисасы Әсел Салауатқызы Атырау-Доссор тас жолында апатқа ұшырады.
-
Бітімгерлер ротасы Ливаннан елге оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық бітімгерлердің кезекті ротациясы өтті, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Гасанов: Алматыдағы шектеулер бізге ешқандай ауыртпалық әкелмейді
Алматы, BAQ.KZ. Бұл туралы өзінің Facebook-тегі парақшасында Республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жазды.
-
Наурыздағы жақсылық: «ҚазАқпарат» ұжымы тұрмысы төмен отбасыларға көмек берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Наурыз мерекесіндегі ел бойынша игі істер әлі де жалғасып жатыр. Бүгін «ҚазАқпарат» ХАА ұжымы қазақтың киелі мерекесі қарсаңында елордада тұратын жағдайы төмен отбасыларға азық-түлік таратты.
-
Венесуэланың газ зауытында жойқын жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Венесуэланың Монагас штатындағы Эль-Техеро қаласында PDVSA компаниясының кәсіпорнында жойқын жарылыс болды.
-
Алматыда мониторингтік топ 120 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты
Алматы, BAQ.KZ. Мониторингтік топ Қазақстан қонақ үйінің «Гранд Палас» залында үйлену тойы өткізілгенін анықтады. Залда шамамен 120 адам болған.
-
Наурыз ырыс пен ынтымақтың мерекесі – Оразалин
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Күн мен түнді теңестіріп Наурыз да келді. Шүкір, қалың қыстан да аман шықтық. Қардың көбесі сөгіле бастады, күннің шуақты сәулесімен ылғал жерге терең сіңіп, ырыс пен берекенің бастауы болар деп үміттенеміз, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин.
-
Шығыс Қазақстан тұрғыны WhatsApp-тағы балағаты үшін сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан тұрғыны WhatsApp арқылы қарым-қатынас кезінде қолданылған әдепсіз сөздер мен балағаттағаны үшін 20 сағаттық қоғамдық жұмысқа тартылды, деп хабарлады облыстық Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметі.
-
«Астана Балет» театры қысты бимен шығарып салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақтың ұлттық мерекесі – әз Наурыз қарсаңында «Астана Балет» театры «Ұлттық хореография кешін» өткізді.
-
Алматыда енгізілген шектеу шаралары кезінде бизнеске қандай қолдау көрсетіледі?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин жауап берді.
-
Қазақстанда «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда наурыз мерекесі қарсаңында «Таза табиғат» экологиялық жобасы басталды. Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және облыстық әкімдіктердің бірлескен шарасында бірнеше аймақта ағаш отырғызу, айналаны қоқыстан тазарту, су көздерін ашу акциялары өтті. Жалпыұлттық жоба Түркістан қаласында бастау алып, Жамбыл , Маңғыстау, Қызылорда облыстары мен Шымкент қаласында жалғасты.
-
Шектеу шараларына ашуланғандар да болды – рестораторлар қауымдастығының басшысы
Алматы. BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласында енгізілген бір апталық қатаң шектеу шараларына қатысты ақпаратты кәсіпкерлер әр түрлі қабылдады. Ашуланғандар да, басу айтқандар да болды, дейді Қазақстан рестораторлар клубы қауымдастығының басшысы Гүлнар Катибаева.
-
Қалыптасқан жағдайға бір апта түсіністікпен қарауларыңызды сұраймыз – басқарма басшысы
Алматы. BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестиция басқармасының басшысы Еркебұлан Оразалин кәсіпкерлерді бір аптаға енгізілген шектеу шараларына түсіністікпен қарап, талаптары қатаң сақтау арқылы қаладағы эпидемиологиялық жағдайды жақсарту үшін үлес қосуға шақырды.
-
«Turkistan» телеарнасы түркі халықтарының тарихы және мәдениетімен таныстырады – Балаева
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін «Turkistan» жаңа телеарнасы өз жұмысын бастады. Өздеріңіз білетіндей, Елбасының тапсырмасымен Түркістанда жаңа заманауи медиа орталық бой көтерді, оған еліміздің талантты мамандары жұмыс жасауға шақырылды, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева.
-
500-ге жуық павлодарлық шебер құрақ көрпе тігудің қыр-сырын меңгерді
Павлодар облысы, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде өткен жылдың соңында басталған «КөрпеFest» этнофестивалі мәресіне жетті.
-
Өзге ұлт өкілдерінің балалары Наурызбен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда тұратын өзге ұлт өкілдерінің балалары Ұлыстың ұлы күнімен құттықтап, ақжарма тілектерін білдірді.
-
Павлодарда мерекелік трамвай жолға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Наурыз мейрамына орай қала тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайтын трамвай әсем безендірілген, деп хабарлайды pavlodarnews.kz.
-
Түркия турнирі: Қазақстандық спортшылар төрт медаль алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркияның Стамбул қаласында жүзуден ересектер мен жастар арасында ашық халықаралық турнир өтіп жатыр, деп жазды Olympic.kz.
-
«Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда «Халық» қайырымдылық қорының «Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды.
-
Бас мүфти Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы барша қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
-
Павлодарда Естай ескерткіші ашылды
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Ертіс өңірінде қазақ өнерінің алып тұлғасы, ақын, әнші, Қазақстанның еңбек сіңірген қaйраткері Естай Беркімбаевқа еңселі ескерткіш ашылды.
-
Инфекцияның таралу тізбегін тоқтату маңызды – Гасанов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы өзінің Facebook парақшасында Республикалық арнайы мониторингтік топ төрағасының орынбасары Рафаэль Гасанов жазды.
-
Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. 20 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 36 халықаралық әуе рейсі келді.
-
Супермаркеттен сатып алуға болмайтын азық-түліктер қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайлық блогер WeChat-та денсаулықа айтарлықтай зиян келтіретіндіктен супермаркеттен сатып алуға болмайтын азық-түліктер туралы айтып берді, деп жазды РИА Новости.
-
ШҚО. Қар құрсауынан бір тәулікте 95 адам құтқарылды
Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. Облыстың жолдарындағы авариялық-құтқару жұмыстары түні бойы жүргізілді. Тәулік ішінде құтқарушылар 95 адамды құтқарып, ішінде 5 бала бар және 63 көлікті сүйреп шығарды.
-
Коронавирус белгілері бар пневмонияның 51 жағдайы тіркелді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сoronavirus2020.kz сайты 21 наурыздағы жағдай бойынша коронавирустық инфекция белгілері бар пневмония туралы ақпарат жариялады.
-
Түркістан әуежайынан алғашқы халықаралық рейс ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 наурызда Наурыз мейрамы қарсаңында Елбасының және Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасымен құрылған алғашқы отандық лоукост әуе тасымалдаушысы Fly Arystan әуе компаниясы Қазақстанның рухани астанасы Түркістан қаласынан Стамбұлға алғашқы халықаралық тұрақты рейсті орындады.
-
COVID-19. 3 өңір «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Үкімет жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Әшімбаев: Наурыз – ізгілік пен жақсылықтың мерекесі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
-
Коронавирустан бір тәулікте 18 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау министрлігі баспасөз қызметі коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 21 наурыздағы ақпаратты жариялады.
-
«Turkistan» телеарнасы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлыстың Ұлы күні Әз-Наурыз қарсаңында таңғы сағат 7:00-ден бастап «Turkistan» телеарнасы «Отау ТВ» ұлттық спутниктік желісі және кабельдік желілер арқылы қалың көрерменге жол тартты.
-
Ауа райы болжамы: Еліміздің басым бөлігінде жауын-шашынды болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 21 наурыз күні республиканың басым бөлігінде жаңбыр және қар түрінде жауын-шашын болып, екпінді жел соғады.
-
Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Наурыз мерекесімен құттықтады.
-
Бейжіңде Наурыз мейрамы тойланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Іс-шара Шанхай ынтымақтастық ұйымының хатшылығында өтті, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
678 адам коронавирустан жазылып шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда 678 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты, деп хабарлады COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК.
-
Өткен тәулікте 1171 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 1171 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды.
-
Балалар үшін арнайы Instagram желісі жасалады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Facebook жасы 13-ке жетпеген балалар үшін арнайы Instagram сервисін жасайды, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.
-
Токио Олимпиадасына шетелдік жанкүйерлер бармайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Токиодағы Олимпиада және Паралимпиада ойындарына шетелдік жанкүйерлер бара алмайды.
-
Таразда ҚАЖД басшылығы сала ардагерлерін Наурыз мерекесімен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының міндетін атқарушы әділет полковнигі Теңізжан Жәнібеков, Қылмыстық- атқару жүйесі саласының дамуына үлес қосқан сала ардагерлерін Әз-Наурыз мерекесімен құттықтап, құрмет көрсетті.
-
Оразалин Ақтөбе-Қандыағаш тас жолына күрделі жөндеу жүргізетін мердігерлермен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының әкімі Оңдасын Оразалин Мұғалжар ауданының әлеуметтік-экономикалық дамуымен танысты.
-
ДСМ коронавирустың штаммдарына зерттеу жүргізуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен бірлесіп Covid-19 штаммдарын анықтайтын экспресс ПТР-скринингтің жаңа әдістемесі енгізілді.
-
Маңғыстауда тұңғыш рет садақ атудан республикалық ашық турнир өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. "MANGYSTAU NAURYZ FEST-2021" жастар фестивалі аясында өңірде алғаш рет садақ ату федерациясымен бірлескен дәстүрлі садақ атудан жасөспірімдер мен ересектер арасында республикалық ашық турнир өтті.
-
Коронавирустан кейін қандай асқынулар болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропалық бюросының отырысына қатысты. Шарада постковидтік асқынулар мәселесі талқыланды.
-
Таразда мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту кешені ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Тараз қаласында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Асар» оңалту-сауықтыру орталығы ашылды.
-
Бас санитар дәрігер үндеу жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Ерлан Қиясов Наурыз мейрамына арналған демалыс күндері қарсаңында үндеу жасап, бірқатар кеңес берді.
Наверх