«Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды

21 Наурыз 2021, 13:08
2627
Бөлісу:
«Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда «Халық» қайырымдылық қорының «Ел тірегі – Елбасы» акциясы басталды.

2021 жыл Қазақстан үшін елеулі мереке – Тәуелсіздіктің 30 жылдығымен тұспа-тұс келді. 

Елбасының көшбасшылығы, даналығы мен іргелі бастамаларының арқасында бірлігі жарасқан ел атандық.  Бірлігі нығайған Қазақстан қай кезде де сынақтан сүрінбей өтті. 

Әз-Наурыз мерекесінде  «Халық» қоры азаматтық белсенділік танытып, «Ел тірегі – Елбасы» атты ірі науқанын қолға алды. Қор COVID-19 пандемиясының және  карантиндік шаралардың салдарынан қиын жағдайға тап болған аз қамтылған, көп балалы, сондай-ақ мүгедек балалары бар отбасылар үшін азық-түлік жиынтығын сатып алды, - делінген ақпаратта.

халык1.jpeg

«Халық» қайырымдылық қоры 15 000-нан астам азық-түлік себетін ұйымдастырды. Әр себетте салмағы 50 келіден асатын азық-түлік бар.  Қазіргі уақытта азық-түлік себеттері өңірлік әкімдіктер ұсынған тізімдерге сәйкес еліміздің барлық өңірінде отбасыларға таратылып жатыр. 

Пандемияның алғашқы күнінен бастап, бұл ел басына түкен сынақ екені белгілі. Осындай қиын-қыстау шақта ынтымақ пен бірліктің озық үлгісін көрсетіп, бір-бірімізге жанашыр боулымыз керек, - делінген ақпаратта.  

халык2.jpeg

«Халық» қайырымдылық қоры кәсіпкерлер мен қайырымдылық ұйымдарының өкілдерін бірігіп,  «Ел тірегі – Елбасы» акциясын қолдауға шақырады. Мұндай акция 2021 жылда бірнеше рет ұйыдастырылады деп жоспарлануда. 

 

Өзгелердің жаңалығы