Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды

21 Наурыз 2021, 12:01
995
Бөлісу:
Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген 6 жолаушыдан коронавирус анықталды

Нұр-Сұлтан, BAQ. KZ. 20 наурызда Қазақстан Республикасының аумағына Германия, Мальдив Республикасы, БАӘ, Мысыр, Түркия, Грузия, Украина, Ресей Федерациясы, Беларусь Республикасы, Өзбекстан және Қырғызстаннан 36 халықаралық әуе рейсі келді.

4 521 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен 4 121 адам, анықтамасыз 400 ҚР азаматтары келді.

Оның ішінде:

Алматы қаласының әуежайына – 18 рейс, 2 276 жолаушы, анықтамамен - 2 145, анықтамасыз - 131;

Шымкент қаласының әуежайына – 9 рейс, 948 жолаушы, анықтамамен - 787; анықтамасыз - 161;

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 5 рейс, 647 жолаушы, анықтамамен - 603; анықтамасыз - 44;

Ақтөбе қаласының әуежайына – 2 рейс, 348 жолаушы, анықтамамен - 311; анықтамасыз - 37;

Ақтау қаласының әуежайына – 1 рейс, 148 жолаушы анықтамамен келген;

Атырау қаласының әуежайына – 1 рейс, 154 жолаушы, анықтамамен - 127; анықтамасыз - 27.

Анықтамасыз келген жолаушылар келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде.

19 наурызда шетелден анықтамасыз келген жолаушылардың ПТР талдауларының нәтижелері туралы мәлімет

Анықтамасыз келген 412 жолаушының ПТР-талдау нәтижелері бойынша Шарм-эль-Шейх – Алматы рейсімен келген алты жолаушыдан коронавирустық инфекция анықталды.
Өзгелердің жаңалығы