Алматыда мониторингтік топ 120 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты

21 Наурыз 2021, 17:03
2526
Бөлісу:
Алматыда мониторингтік топ 120 адамға арналған үйлену тойын тоқтатты

Алматы, BAQ.KZ. Мониторингтік топ Қазақстан қонақ үйінің «Гранд Палас» залында үйлену тойы өткізілгенін анықтады. Залда шамамен 120 адам болған.

Қазіргі күні қаладағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты Алматы қаласындағы мониторингтік топ қарқынды жұмыс істеуде. 

Қалада санитарлық талаптардың сақталуын тексеретін 32 мониторингтік топ бар.

Алматы қаласының әкімдігі эпидемиологиялық ахуал тұрғысынан қаланың «қызыл аймақта» тұрғанын еске салады. Өткен тәулікте мегаполисте коронавирустық инфекция бойынша оң ПТР бар 437 науқас анықталды. Бұл соңғы бір айдағы ең жоғары көрсеткіш. 

Өзгелердің жаңалығы